Су мен жылу ақысын белгілеуде заңды бұзғаны анықталды

Астрахан аудандық прокуратурасы жүргізген талдау қорытындысы бойынша «Комхоз» коммуналдық кәсіпорына су және жылу энергиясына тарифтерді белгілеу кезінде көптеген заң бұзушылықтарға жол бергені анықталды.

Талдау қорытындысына сәйкес, сумен және жылумен қамтамасыз ету тарифтерінде қызметтер мен жұмыстарға арналған нақты шығындар негізсіз көтеріліпті. Осыдан тұтынушыларға келтірілген шығын көлемі жалпы 2 миллион 166 мың теңгені құрады. Бұл шығындар ағымдағы жылдың 1 тамызынан бастап 1 жылға өтемдік тарифтерді енгізу жолымен өтелетін болады.
Атап айтқанда, сумен жабдықтау бойынша тарифтер 74,8 теңге немесе 38,7 пайызға (1 шаршы метрі 193 теңгеден 118,2 теңгеге дейін), жылумен жабдықтау бойынша тарифтер 488,7 теңге немесе 9,4 пайызға (1Гкал 5 173,2 теңгеден 4 684,4 теңгеге дейін) төмендеді. Прокуратураның қадағалау актісі бойынша шамамен 4 700 азаматтың құқықтары қорғалды.

Ақмола облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар