Халықаралық сарапшылармен кездесті

Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Украина сүт өндірушілері қауымдастығының вице-президенті Любомир Дикун бастаған украиналық

«Dairy Global Experts» халықаралық консультациялық орталығының делегациясымен кездесті.

Бұл жоғары білікті сарапшылар тобы Қазақстан, Өзбекстан, Грузия, Монғолия, Арменияда сүт және ет өндірісі салаларын дамыту бойынша халықаралық жобаларды өткізеді. Орталықтың консультанттары экономика, ветеринария, зоотехника, агрономия, жобалау және жобаларды жүзеге асыруға бағдарлау салалары, ірі қара өсіру, бордақылау, сүт өңдеу мен өткізу, тауарлы – сүт фермалар құрылысын салу мен жаңғырту бойынша жұмыс істейді.

Сапар шеңберінде ветеринариялық қызмет көрсету мен оқыту орталықтарын құру жобасын кеңейту туралы келісімге қол жеткізілді. Зеренді ауданының «Жақсылық агро» серіктестігі базасында ашылған европалық деңгейде ветеринариялық қызмет көрсететін еліміздегі тұңғыш орталық жұмыс істейді. Бұл жобаны өңірдің сүт өндірісі саласында инновацияларды енгізу және өнімділігін арттыру үшін тәжірибе алмасу мақсатында Өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен Ақмола облысының сүт өндірушілері қауымдастығы украиналық «Dairy Global Experts» сарапшылық компаниясымен бірлесіп жүзеге асырған.

Бұдан бөлек, Украинадан келген сарапшылар Ақмола облысында агроқұзырлықты арттыруға бағытталған тұңғыш өңірлік бағдарламаны әзірлеуге қатыспақшы.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

 

Суретті түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар