Байқау өнердің жас талғамайтынына көз жеткізді

«Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының аясында «Рухани жаңғыру» идеясын қолдай отырып, дарынды өнерпаз балалармен жұмыс жүргізу жөніндегі

Ақмола облыстық оқу-әдістемелік орталығы облыстық білім басқармасымен бірге, «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауын өткізді.

Байқауға Ақкөл, Астрахан, Атбасар, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Зеренді, Целиноград, аудандары мен Көкшетау, Степногорск қалаларынан және Көкшетау қалаларынан барлығы 84 оқушы қатысты. Балалардың жұмыстары сан алуандылығымен және композициялық тәсілдерінің ерекшелігімен көзге түсті. Байқауға көлемді-ауқымды шығармашылық жұмыстар ұсынылып, жалпы 123 композиция бағаланды. Қазылар алқасының құрамында Еуразиялық Дизайнерлер одағының мүшесі Ольга Корнева, Мәдениет қайраткері Гулсайра Сүгірәлиева, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері, сызу және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Бибігүл Захай, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің бейнелеу өнері, сызу және дизайн кафедрасының аға оқытушысы Наталья Булгакова, Көкшетау қаласындағы балалар көркемсурет мектебінің оқытушысы Рустам Аминов, азаматтық қорғаныс колледжінің дизайн кафедрасының оқытушысы Галина Есетова, №1 құрылыс-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері Наталья Ануфриева бар.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, қазылар алқасының шешімімен тоқыма бұйымдарын дайындау, гобелен, кестелеу, батик, киіз басу, құрақ пластикасы аталымында Көкшетау қаласындағы балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Виктория Истратова жүлделі 1-ші орынға ие болды. Ал, ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу, көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл, ағаш) жасау бойынша жарысқан оқушылар арасында да осы мектептің талантты қызы Аделя Ысқақова үздік деп танылды. Шыныны көркемдеп өңдеу витраж аталымында Александра Салабаеваның жұмысына жақсы баға беріліп, 1-ші орынға ие болды. Металды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу аталымында Астрахан ауданындағы балалар және жастар шығармашылығы үйінің оқушысы Жүзім Мұхамбаева үздік деп танылды.
Ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау ісін де оқушы балалар шебер машықтанған. Осыдай дарынды балалардың ішінен оқ бойы озық тұрған астрахандық Валерия Будконың еңбегі еленіп, ол да жеңімпаздар қатарынан көрінді. Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау аталымында атбасарлық Вероника Павленконың жеңімпаз атануы сүйсінерлік жәйт. Өзге ұлттың ұлттық киімін тігу оңай-оспақ шаруа емес. Ол осы істі асқан шеберлікпен, зор сүйіспеншілікпен, ерекше ынтамен, аса жауапкершілікпен орындап шығып, өз қатарластарын өнеріне тәнті ете білді. Қағаздан бұйымдар жасау, яғни, оригами, аппликация, квиллинг, папье-маше жасау да үлкен өнер. Осы аталымда зеренділік Жұлдызай Ерғалиева 1-ші орынға ие болды. Қатысушылардың барлығы ұйымдастыру алқасының дипломы және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Суреттерді түсірген Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар