Тағылымды шара

Мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлері Зеренді ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жас қызметкерлерімен кездесті.

Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Жеңіс Тәшенов шараға қатысушыларды мемлекеттік кірістер органдарының ардагерлерімен таныстырды. Ардагерлер жас қызметкерлерге салық қызметінің қалыптасу тарихы туралы айтып берді, сондай-ақ өз жұмыстары туралы естеліктерімен бөлісті, қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мәселесіне ерекше назар аударылды.
Кездесу барысында сондай-ақ, ардагерлер жас қызметкерлерге өз жұмыстарында табыс пен адалдық тіледі және таңдаған жолдан бас тартпауға шақырды. Шара соңында мемлекеттік кірістер органдарындың ардагерлері мен қызметкерлері Кеңес Одағының Батыры, даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллин ескерткішіне гүл шоқтарын қойды және естелік суретке түсті.
Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар