Бағдарламаның әр саласы мен бағыты – назарда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атбасар ауданының әкімі Аманбек Қалжанов «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың арнайы жоспары жасалып, сол бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып жатқанын мәлімдеді.

Аудан әкімінің айтуынша, бағдарламаны жүзеге асыру бағытында арнайы жоспар жасалып, жүйелі жұмыстар атқарылуда. Биылғы жылы «Мәдени білім» бағыты бойынша ауданда сексеннен астам шара өткізілген екен. Оның ішінде, Атбасар ауданының 25 мектебінде ашылған отбасылық сұхбат клубтары ең маңыздысы болып табылады. Клуб жұмысы қоғамда дәстүрлі отбасылық құндылықты сақтауға, отбасы мәдениетін құруға, жас ұрпақ арасында отбасын құруға оң көзқарас пен ата-ана жауапкершілігіне бағытталған. Аудандағы кәсіптік бағыт беретін 25 кабинет оқушылардың мамандық таңдауына, одан әрі білім алуына, жұмысқа орналасуына көмектеседі. Ауданда екі ІТ сыныбы жұмыс істейді.
Ауданда қоршаған ортаны қорғауға қатысты 110 экологиялық шара өткізілген. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатындағы 5 және 10 шақырым қашықтыққа бұқаралық марафон өткізу дәстүрі бар.
Аудан әкімінің айтуынша, «Ұлттық бірегейлікті сақтау» бағыты бойынша жыл басынан бері 1719 мәдени бұқаралық шара өткізіліпті. Бұл шаралар ұлттық салт-дәстүрді, тілді, музыка мен әдебиетті сақтауға бағытталған. «Қазақстанның төңкерістік емес, эволюциялық дамуы» бағыты бо-
йынша ауданда 10 үкіметтік емес ұйым белсенді жұмыс істейді. Олар өңірде ішкі саяси тұрақтылық пен әлеуметтік сенімді нығайтуға өз үлесін қосуда. Жастардың ресурстық орталығымен «Көмек ВОХ» әлеуметтік жобасы жүзеге асырылып, тұрмыстық жағдайдың қиыншылығына тап болған 15 отбасына көмек көрсетілген. Аудан әкімі ауданда 75 кәсіби емес, 2 кәсіби медиатордың тіркелгенін, қала мен селоның сыйлы 51 тұрғынынан тұратын Билер кеңесі құрылғанын айтты. Билер кеңесі мен медиаторлардың қатысуымен үстіміздегі жылы 48 келіспеушілік қаралыпты. «Қазақстанның киелі орындарының географиясы» арнайы жобасы аясында Ақмола облысының киелі орындары энциклопедиясына Атбасар ауданының 13 нысаны енгізіліп, картасы жасалған. Аудан аумағында 119 тарихи ескерткіш болса, оның 114-і археологиялық ескерткіш, өзгесі сәулет пен қала құрылысы ескерткіші.
–«Жаһандық әлемде қазіргі заманғы қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында «Арай» би ансамблі «Жарық жұлдыз» халықаралық фестивалінде гран-приді жеңіп алды. Сондай-ақ, «Сымбат» студиясы спорттық бал биі бойынша халықаралық турнирде 4 алтын, 7 күміс, 9 қола медаліне ие болды, – деген аудан әкімі журналистердің сауалына тұшымды жауап берді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар