Ақмола облысының 2019 жылғы қаңтар-маусымдағы демографиялық жағдайы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2019 жылғы 1 шілдеге дейінгі есеп бойынша Ақмола облысының халық саны 739027 адамды құрады, соның ішінде қалалық жерде – 348453 адам, ал, ауылдық жерде – 390574 адам.

2019 жылғы қаңтар-маусымда Ақмола облысында жаңа туған 5989 бала тіркелді, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,7 пайызға төмен.
2019 жылғы қаңтар-маусымда өлгендердің саны 3678 адамды құрады. 2018 жылғы қаңтар-маусымда бұл көрсеткіш 3808 адам болған еді.
Көрсетілген кезең бойынша табиғи өсім 2311 адамды (2018 жылғы қаңтар-маусымда – 2222 адам) құрады.
Өлім себептерінен бұрынғыша, қан айналымы жүйесінің аурулары басым болып тұр. 2019 жылғы қаңтар- маусымда осы аурулардан 720 адам (өлімнің барлық себептерінен 19,6 пайыз), жаңадан пайда болған аурудан 404 адам (11 пайыз), тыныс органдары ауруларынан 306 адам (8,3 пайыз), жазатайым жағдайдан, уланудан және жарақаттан 304 адам (8,3 пайыз) қайтыс болды.
2019 жылғы қаңтар-маусымда 1 жасқа дейінгі 43 нәресте өлімі тіркелді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі өлген нәрестелердің саны 34,4 пайызға артты.
Ақмола облысы бойынша 2019 жылғы қаңтар-маусымда көші-қонның айырмасы теріс мәнді болып, 1871 адамды құрады. Жақын шетелден келгендер негізінен, Ресей және Өзбекстан елдерінен (тиісінше 115 және 20 адам), алыс шетелден келгендер – Моңғолия және Германиядан (тиісінше 23 және 7 адам).

Ақмола облысының статистика департаменті.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар