Қорғалжындағы мәдениет мерекесі

Қорғалжын ауданында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының «Ұлы дала мәдениетіндегі құстар символикасы» республикалық шығармашылық фестивалі өтеді.

Тамыздың 23-24 күндері тұмса табиғат аясында өткізілетін фестиваль барысында тренингтер, шеберлік сағаттар, акция-
лар, спорттық турнирлер, гала-концерт өткізу жоспарланған. Фестивальға көрермендерден бөлек, 100-ден астам өнерлі жас қатысатын болады. Фестиваль аясында «Мектепке жол» республикалық акциясы бастау алады. Қолөнершілер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, аудан стадио-
нында халықтық ойындар бойынша жарыстар жалауын көтереді. Спорттық туризм және рафтинг турнирі өтеді. Қорықтың аумағында экологиялық квестер мен батпырауықтар және күйшілер байқауын да көрермендер тамашалайтын болады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Қорғалжын ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар