Қоқиқазға стелла ашылды

Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығында қоқиқаз бейнеленген стелла ашылды.

«Қазақстанның биоалуандығын сақтау қоры» дирекциясының мәліметінше, жаңа сәулет ескерткіші мәңгілік өмірді, дамуды білдіреді. Стеллада қорықтың басты символы – қызғылт қоқиқаз бейнеленген.
Стелланың ашылуына Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің, қазақстанның биоалуандығын сақтау қорының өкілдері қатысты. Осылайша құс әлеміне бай өлкенін бойтұмары болып табылатын қоқиқазға «Рухани жаңғыру» бағдарламасының игі мұраттарымен ұштастырыла отырып, сұлу өлкенің тұрғындары тарапынан өзіндік құрмет көрсетілді.
Қорғалжын ауданы.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар