Латын әліпбиін қолдануға ыңғайлы

Облыстық ішкі саясат басқармасының жанындағы оқыту-әдістемелік орталығында персоналды компьютерлерге арналған латын әліпбиіне негізделген пернетақта таныстырылды.
Латын әріптері орнатылған пернетақта қазақ тілін меңгеріп, үйренемін деушілерге ыңғайлы. Пернетақта арқылы «ә, ң, ғ, у, ү, қ, ө» әріптерін қиналмай латын нұсқасында енгізе аласыз. Яғни, қазақ тілін қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кириллицадан латынға көшуге жеңіл. Пернетақта мәзірінде кириллица, латын, ағылшын және орыс тілдерін таңдауға болады. Өңірдегі мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың 500-ден астам өкілі пернетақтаны тәжірибе жүзінде сынақтан өткізді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар