Президент

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ядролық қарусыз әлем және жаһандық қауіпсіздік үшін Назарбаев сыйлығын» тапсыруға арналған салтанатты рәсімге қатысты.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталған сыйлықты бұл марапатқа қайтыс болғаннан кейін лайық деп танылған МАГАТЭ-нің бұрынғы бас директоры Юкия Аманоның жақындарына және Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей
тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербоға тапсырды. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде бұл іс-шараның Ядролық сынақтарға қарсы халықаралық күн мерекесімен тұспа-тұс келуінің символдық мәні бар екенін атап өтті.
– Биыл Қазақстанның ядролық қаруды таратпау туралы шартқа және МАГАТЭ-ге қосылғанына 25 жыл толды. Сондай-ақ, Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы шарттың күшіне енгеніне 10 жыл болды, – деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Тұңғыш Президентінің жаһандық антиядролық қозғалыстың көшбасшысы ретінде әлемдік қоғамдастық тарапынан әділетті түрде мойындалғанын атап өтті.
– Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы Жарлығының тарихи мәні бар. Кеңестік әскери элита мен кейбір саясаткерлердің қарсылығына қарамастан ядролық полигонды жабу туралы Тұңғыш Президенттің қабылдаған шешімі зор батылдық пен темірдей ерік-жігерді талап етті. Ол бүкіләлемдік антиядролық қозғалысқа катализатор болды, – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісінде маңызды рөл атқарған Елбасының бастамаларына тоқталды. – Орталық Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру жөніндегі ұсыныстар, МАГАТЭ-нің қолдауымен еліміздің аумағында Уранның төмен байытылған банкінің орналастырылуы, Иранның ядролық мәселесін реттеуде Қазақстанның делдалдық күш-жігері, сондай-ақ Ядролық қарудан азат әлем құру туралы БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпыға ортақ декларациясы жаһандық тұрақтылық пен сенім негізін нығайтуға айтарлықтай үлес қосты, – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қасым-Жомарт Тоқаев сыйлықтың лауреаттары – МАГАТЭ-нің бұрынғы басшысы марқұм Юкия Амано мен Ядролық сынақтарға жалпыға бірдей тыйым салу туралы шарт ұйымының атқарушы хатшысы Лассина Зербоның сіңірген еңбегін атап өтіп, олардың ядролық қаруды таратпау және халықаралық қауіпсіздік ісіне қосқан зор үлестерін жоғары бағалады.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар