Білім күні құтты болсын!

Әне-міне дегенше жаңа оқу жылы да келіп қалды. Жаз бойы тынығып, біраз күш жинаған балалар енді мектептеріне барады.

Әрбір ата-әже, әке мен ана өз бауыр еті – балаларының мектеп қабырғасында жақсы оқығандарын қалайды. Өйткені, бұл олардың ертеңгі саналы азамат болып шығар мүмкіндіктерінің ең маңызды баспалдағы.
Биыл Ақмола, Көкше өңірлерінде 1-сыныпқа 16 мың жеткіншек барады екен. Өткен жылы олардың қатары 14 мың болған еді. Жаңадан қосылып отырған екі мың бүлдіршін көңілге қуаныш ұялатады.
Жүректері лүп-лүп етіп, мектеп есігін ашатын осы балғындарымыздың қатарында редакциямыздың қызметкерлері Берік Ескенов пен Венера Есқақованың қыздары Жансұлу мен Айғаным да бар. Әріптестеріміздің балаларының мектеп табалдырығын аттаған осы қуанышына орай, «Арқа ажары» газетінің шаңырағында Жансұлу мен Айғанымды ұжым болып құттықтап, сәт сапар тілеу шарасы өткізілді. «Ақмола-«Тіршілік» серіктестігінің бас директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиев Жансұлу мен Айғанымды құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Мектеп табалдырығын тұңғыш аттағалы отырған Жансұлу мен Айғанымға ұжым атынан шағын сыйлықтар жасалды. Ал, Жансұлу мен Айғаным тақпақтар оқып берді. Бүлдіршіндеріміздің мектепте де жақсы оқып, оқу озаты болуларына тілектеспіз. Баршаңызға да жаңа оқу жылы құтты болсын!
«Арқа ажары» газетінің ұжымы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар