Жеңіп алған жүлделерін балалар үйіне тапсырды

Ақтау қаласында Жастар жылына арналған республикалық «Парасатты полицей» байқауы өткізіліп, ақмолалық полицейлер жүлде сыйлығын балалар үйінің тәрибеленушілеріне сыйлады.

Департаменттің баспасөз қызметі хабарлағанындай, байқауға еліміздің барлық өңірлік дапартаменттері мен Ішкі істер министрлігіне қарасты оқу орындарынан 21 команда қатысты. Мұнда құрамында Асан Әубәкіров, Әсем Жиенғалиев, Қуаныш Есенбеков, Равиль Әбілханов, Виктор Гейнц бар «Көкше сақшылары» командасы Ақмола облысын қорғап, жүлделі үшінші орынды жеңіп алды. Жерлестеріміз жауапты сынға тыңғылықты дайындалып, кезеңдік байқаулардың мазмұнын ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығымен байланыс-
тыруы ұтымды шықты. Сондай-ақ, «Көкше сақшыларының» аталымдық конкурстарына Ақтау балалар үйінің тәрбиеленушілері де белсенділікпен қатысуы команда мерейін өсіре түсті.
Марапаттау рәсімі аяқталысымен ақмолалық полицейлер балалар үйінде қонақта болды. Онда команда мүшелері департамент басшысы генерал-майор Берік Біләловтің атынан жүлде сыйлығын мекеме директоры Мәди Қалашаұлына тапсырды. Сондай-ақ, олар ақтаулық жас достарын келесі жылы Ақмола облысында өткізілетін «Парасатты полицей» байқауы қарсаңында Көкшетауға қонақ болып келуге шақырды.
Бақберген Амалбеков,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар