Рухани жағынан жаңғыру басым

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Степногорск қаласының әкімі Еркебұлан Баяхметов «Рухани жаңғыру» бағдарламасының өндірістік қалада қалай жүзеге асырылып жатқаны, осы орайда көзделіп отырған алдағы жобалар жөнінде айтып берді.

– Өткен жылы қала активіне, кәсіпорын басшылары мен шағын және орта бизнестің өкілдеріне жүзеге асыратын негізгі жобалар ұсынылды. Олардың арасында орталық алаң мен қалалық паркті қалпына келтіру, Қажымұқан Мұңайтпасов ескерткішін орнату, робот техникасы кабинеттері мен ІТ класын сатып алу, қаланың шағын аудандары мен кенттерде балалардың ойын, спорт алаңдарының құрылысы тәрізді жұмыстар болды. Бағдарлама бағытына сәйкес 200 шара өткізіліп, 37 мың адам қатысты. Тұрғындар «Таза қала» акциясы аясында қала аумағын абаттандыруға белсенді түрде қатысуда. Көктемде 3240 ағаш көшеті отырғызылды. «Женский луч» қоғамдық бірлестігі жүйелік жобасының аясында әкімдіктің, бизнес пен әлеуметтік қолдау орталығы волонтерлерінің қолдауымен Степногорск қаласының әлеуметтік орталығы базасында «жасыл» экологиялық технологияның көрме алаңы ашылды. Жүйелік жоба Ақмола облысындағы экологиялық тәжірибе енгізілген екі әлеуметтік орталықты қамти алады,–деген қала әкімі маусым айында бүйрек ауруын емдейтін амбулаторлық диализ орталығы жұмыс істей бастағанын айтты.
Одан әрі ол «Рухани жаңғыру» бағдарламасының бағыттары бойынша «Астана-Нан» серіктестігінің директоры Мұрат Сәрсенбаев, «Степногорск-ЕПК» акционерлік қоғамының директоры Анатолий Томилов, «Степногорск-Энергокомплекс» серіктестігінің директоры Алтынбек Қаршегенов пен «Қазақалтын» ГМК» акционерлік қоғамының бас директоры Баломир Махановтың көптеген игілікті іс атқарғанын атап өтті. Мәселен, олар мерекелік және спорттық шаралардың демеушісі болыпты. Балалардың спорт алаңдарын салып, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасына пәтер сатып әперген екен. Степногорск қаласында, Шаңтөбе мен Бестөбе кенттерінде кітапхана мен робот техникасы кабинеттерін ашып, білім және мәдениет нысандарын жөндепті.
– «Білім мәдениеті» бағыты аясында қалалық орталық кітапханасында қазіргі заманғы коворкинг орталығы ашылды. «Сананың ашықтығы» бағыты бойынша аталмыш кітапханада Ташкент қаласындағы Ә.Навои атындағы ұлттық кітапханамен «Мәдениет халықтарды жақындастырады» атты телекөпір ұйымдастырылды. Бұл Өзбекстандағы Қазақстан жылына арналды. Абай оқулары да Ресей, Беларусь, Татарстан Ұлттық кітапханаларымен бірге жүргізілуде. Латын әрпіне кезең-кезеңмен көшу бойынша елуден астам іс-шаралар өткізілді. Паң Нұрмағамбет мазарына мемориалдық тақта орнатылды. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына үш жерлесіміз енгізілді,–деген қала әкімі журналистер қойған сауалдарға жауап берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар