Ауылға шынайы бетбұрыс қажет

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» тақырыбымен жасаған Жолдауын мұқият тыңдадым. Мемлекетіміздің бүгінгі тыныс-тіршілігі, орын алып отырған проблемалы мәселелер, алдағы тұрған міндеттер нақты көрсетілген құжат қазақстандықтардың көңілінен шықты деген ойдамын.

Мемлекет басшысының қоғамдық келісімді нығайтуға, әлеуметтік және этникалық топтар арасындағы келісім – бүкіл қоғамның бірлескен еңбегінің нәтижесі екендігіне назар аударып, осы бағыттағы саяси үрдістерді саралап, бірлігімізді нығайта түсу үшін нақты шаралар қабылдау керек екендігі, қазақ халқының мемлекет құраушы ұлт ретіндегі рөлін бекемдеп, этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті қалыптастыра беруіміз қажеттігі аян. Біздің ұстанымымыз: ел бірлігі. Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасала беретіні көңілге қонымды деп айта аламын. «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді» деп есептеймін деген тұжырымы қандастарымызға қуаныш сыйлағаны сөзсіз.
Алдағы жылы аталып өтілетін маңызды мерейтойлар мен елеулі оқиғаларға дайындық жұмыстарының басталуы, Әл-Фарабидің 1150 жылдық, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойларын атап өту, ғұлама тұлғалардың еңбектерін халық арасында дәріптеуіміз қажеттілігі сөз жоқ, еліміздің рухани тұрғыдан дамуына оң әсерін тигізеді.
Ел өміріндегі осындай елеулі оқиғалар жас ұрпақтынағыз отаншылдыққа тәрбиелеуге жол ашатынына сенімдімін.
Ауыл тұрғыны ретінде Жолдауда көрсетілген қала мен ауылды дамытудың берік негізі – шағын және орта кәсіпкерліктің мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси өмірінде маңызды рөлі, жұмыссыздықты азайтуға жағдай жасалатыны, салық базасын құрып, жергілікті бюджетті нығайтуға күш салынатыны жерлестеріме өз істерін ашуға қосымша серпін беріп, сонымен қатар, жаппай кәсіпкерлікті дамыту, санаға сіңген масылдық пиғылдан арылуға себеп болады деп есептеймін.
Марат ОСПАНОВ,
зейнеткер.
Сейфуллин ауылы,
Зеренді ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар