Жан-жақты дамудың бағыты

Жолдауда көтерілген басты әлеуметтік мәселелер білім беру сапасын көтеру, сапалы оқулықтармен қамтамасыз ету, отбасы мен баланы қорғау, инклюзивті қоғам құруды қолдау, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі жетілдіру, отандық зейнетақы жүйесін дамыту мәселесі болды.

Осы аталған мәселелердің ішінде білім саласына аса үлкен мән берілгенін көрдік. Жолдауда «Экономикамызда техника саласының мамандарына сұраныс өте жоғары, бірақ мүмкіндіктер аз. Кәсіпорындар тиісті мамандарды шетелден шақыруға мәжбүр. Осындай келеңсіз жағдайды жедел түзетуіміз керек» деп нақты міндетті белгілеп берді. Бүгінгі күн талаптары жастардың бәсекеге қабілетті болуы үшін олардың білімдері мен сол білімдерін пайдаланатын дағдыларының жоғары болуы керектігін көрсетіп отыр. Сондықтан, осы жастарды өмірге дайындап, қанат қақтыратын оқу орындарына үлкен міндет жүктелуде.
Президентіміздің мұғалімдер тобының әлеуметтік жағдайына ерекше көңіл бөлуі бізді қуантады. Жолдауда: «Мен тамыз конференция-
сында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырдым. Бұл – келесі жылдан бастап ұстаздардың жалақысы 25 пайызға өседі деген сөз», – деді Мемлекет басшысы. Президенттің мұндай қамқорлығы мұғалімдердің мәртебесін көтере түсетіні сөзсіз. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының мұғалімдердің «Педагогтардың мәртебесі туралы» жаңа Заң қабылдауды тапсырғанын – барлық ұстаздар қауымы зор ықыласпен қабылдады.
Тәуелсіз мемлекетіміз қазақстандықтардың жан-жақты дамуы үшін барлық жолды ашып берді. Енді сол мүмкіндікті ең әуелі балаларымыз өздерінің дамуы үшін пайдаланса, мұның өзі жалпыұлттық дамуға қосқан мектебіміздің үлкен үлесі болар еді.
«Мен ел тағдырына жаны ашитын әрбір азаматқа зор сенім артамын. Қазақстан – ортақ шаңырағымыз! Мен бәріңізді мерейлі мекенімізді өркендетуге үлес қосуға шақырамын! Сындарлы қоғамдық диалог – татулық пен тұрақтылық негізі», – деген Жолдау жолдарын зор жауапкершілікпен қабылдаймыз.
Зүлфия ОРАЗБЕКОВА,
Көкшетау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар