Серпіліс пен жаңару негізі – жанды жұмыс

Өткен бейсенбі күні Ақмола облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының жиналысы болып,

партияның бірқатар аудандық филиалдары төрағаларының, аудан әкімдерінің, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы мен басқармалар басшыларының есептері тыңдалды, партия бағдарламасында көзделген жұмыстарды одан әрі жақсарту жолдары қарастырылып, осы орайдағы міндеттер пысықталды.

Жиналысты ашып жүргізген «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Ақмола облыстық мәслихатындағы «Нұр Отан» партиясы депутаттық фракциясының басшысы Ғалым Бекмағамбетов «Сенім. Сұхбат. Келешек сенімі – «Nur Otan» партиясының 7 серпілісі» партия міндетінің бағдарламасы аясында депутаттық фракцияның жұмысын жетілдіру жөнінде айтты.
Депутаттық фракцияның мүшесі, экономика және бюджет мәселесі жөніндегі облыстық мәслихаттағы тұрақты комиссияның басшысы Серік Аяғанов өз есебінде:
–Тұрақты комиссияға сегіз депутат кіреді. Олардың бәрі «Nur Otan» партиясының мүшесі. Биылғы жылдың мау-
сымында облыстық мәслихат жұмысының қорытындысы талқыланып, облыстық қаржы басқармасы мен облыстық тексеру комиссиясының, бюджеттік бағдарламаның бірқатар әкімшіліктерінің есебі тыңдалды. Өткен жылы облыстық бюджет 179,2 миллиард теңге көлемінде бекітілді. Бюджет жыл бойы 5 мәрте нақтыланып, 14 мәрте өзгертілді. Бюджеттің орындалуында кейбір жетіспеушіліктер бар. Олардың көбі жыл сайын қайталанады. Қаржы толық игерілмейді. Жұмыс кестесі бұзылады. Конкурс уақытында өткізілмейді. Мердігерлер келіскен міндетін орындамайды. Бұл бағытта бюджет бағдарламасының әкімшілігі мен облыстық мәслихаттың депутаттары жұмыс істеулері қажет. Биылғы жылы облыстық бюджеттің қаржысы 214,4 миллиард теңгені құрады. Алдағы сессияда облыстық бюджет үшінші рет нақтыланады. Бүгінгі күнге дейін бюджет 99,5 пайызға орындалды,–деп атап көрсетті.
Бұдан кейін Есіл мен Бұланды ауданы әкімдерінің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша есептері тыңдалды. Онда жетістіктермен бірге, олқылықтар, сонымен бірге, күрмеулі мәселелер де назардан тыс қалмады.
Ақмола облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Шолпан Рахматулина бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 2017-2021 жылдарғы тиімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасын жүзеге асырудағы өзекті мәселелер жөнінде айтып берді. Бағдарламаны жүзеге асыру аясында биылғы жылы 10,5 мың жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматты қамту жоспарланған. Бұл мақсатқа 7,4 миллиард теңге қарастырылыпты. Әзірше 3,7 миллиард теңге игеріліп, 7400 адам қамтылған. Бағдарлама үш бағытта жүзеге асырылуда. Оқыту бағытында Бұланды, Біржан сал, Есіл, Шортанды, Ақкөл, Егіндікөл мен Целиноград аудандарының көрсеткіші облыстық көрсеткіштен төмен болып отыр. Жұмыспен қамтуда да бірқатар аудандар артта қалған. Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында қалада шағын несие беру мәселесі туындауда. «Бастау бизнес» жобасы 116 пайызға орындалды. Дегенмен, еңбек нарығы дамымай, оқытылған адамдарды жұмысқа орналастыру мәселесі шешілмей отыр.
Шортанды аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Сұңғат Әлмағанбетов 2019 жылдың 8 айының қортындысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде басқарма жұмысының қорытындысын баяндады.
–Басқарма биылғы жылдың 8 айында 14620 әртүрлі мемлекеттік қызмет көрсетті. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі әртүрлі қызмет бойынша тексеріс жүргізді. Оның барысында 54 заң бұзушылық анықталып, кінәлілер жауапкершілікке тартылды,–деді басқарма басшысы.
Жиналысты қорытындылаған Ғалым Бекмағамбетов күнделікті жұмыста ең бас-
тысы, орындаушылық тәртіпті баса назарда ұстап, істің қиюы келмей жатқан тұстарын жөнге келтіру қажеттігіне екпін жасады.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар