Бірыңғай тұрғын үй саясаты жетілдіріледі

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел халқына Жолдауынан біз осыны аңғарып отырмыз. Мемлекет басшысы бұдан бұрын да Үкіметтің кеңейтілген отырысында барлық тұрғын үй бағдарламаларын бірыңғай тұрғын үй саясатына шоғырландыру қажеттігі жөнінде айтып, Үкіметке осы мәселе бойынша ұсыныс енгізуді міндеттеген болатын.

Жаңа тұрғын үй саясаты негізінен тұрғын үй мәселелерін шешуге бағытталған. Мемлекет басшысы қолжетімді баспана мәселесі бүгінгі күнге дейін шешілмегенін айтты. Жаңа тұрғын үй саясаты жалға берілетін ауқымды құрылысқа бағытталатын болады. Жыл өткен сайын тұрғындардың 30 пайызының тұрмыс жағдайы нашарлауда. Олар қалай күн көрмекші?! Тұрғын үй қоры енгізген басқару ұйымын ұстау өзекті емес. Тұрғын үй-коммуналдық саласын дамыту одан әрі жаңғыртуды қажетсінеді.
Өткен ғасырдың 90 жылдарына дейін салынған тұрғын үй күрделі жөндеуді және оның шығынын қажет етеді. Соңғы жылдары тұрғын үй қоры тез тозуда. Қол қусырып қарап отыру ескі тұрғын үйлердің санын көбейтіп, шағын аудандардың жойылып кетуіне әкеп соқтырады. Егер бүгіннен қолға алмаса, тұрғын үйлер жарамсыз болып қалуы әбден мүмкін.Уақытында жөндеу бойынша шаралар атқарылмаса, көп пәтерлі тұрғын үйлер тез тозып, тұрғындардың өміріне қауіп төндіреді, антисанитарлық жағдай туғызады.
Облыс бойынша 1990 жылға дейін салынған барлық көп пәтерлі тұрғын үйлердің 93 пайызы күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұл үйлерде облыс тұрғындарының 62 пайызы тұрады. Оның 44 пайызы көп пәтерлі тұрғын үй. Мұнда тұрғындардың 29 пайызы тұрып жатыр. Олар тұрмыс жағдайын жақсартуды талап етуде.
Бүгінгі таңда тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласының басты міндеті тұрғын үйді тиімді пайдалану және жаңғырту арқылы қолда бар тұрғын үй қорын сақтау болып табылады. Сондай-ақ, мекеме көп қабатты тұрғын үйлерді пайдалануды, күтіп ұстауды қамтамасыз етіп, коммуналдық қызмет көрсетеді. Аумақтық инфрақұрылымның бір бөлігін алып жатқан тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы тұрғындардың тұрмыс сапасы мен деңгейін жақсартады, қоғамның даму деңгейі мен тұрмыс мәдениетін көтереді.
Сумен қамтамасыз ету, жылу, аулалық аумақты абаттандыру, баспана мәселелері шешілмесе, сондай-ақ, тиісті жүйелер істен шықса, проблема туындайды. Оның салдары әлеуметтік және саяси шиеленіске алып келеді. Соңғы жылдары мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру және жергілікті бюджеттен қаржы бөлу есебінен 119 көп қабатты тұрғын үйді күрделі жөндеу жұмысы жүргізілді. Лифт шаруашылығы қалпына келтірілді. 100 аулалық аумақ жөнделді. Бірақ, бұл жеткіліксіз. Проблема тек қана қаржы бөлуде емес, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы заң шығару актісіне өзгеріс енгізу қажеттілігінде болып отыр.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының мәселесі бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгерту мен қосымша енгізу жөнінде» ҚР Заң жобасын қарады. Облыстың жергілікті атқарушы органдары да заң жобасына 100 ұсыныс жасады. Жергілікті атқарушы органдар ұсынған барлық ұсынысты Мәжілістің жұмыс тобы қолдады. Сөйтіп, Заң жобасы ҚР Парламентінің Сенатына жіберілді.
Заң жобасында басқару жүйесі мен тұрғын үй қоры қарастырылған. Сөйтіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөніндегі түсінік анықталды. Бұрын бұл түсінік әр жерде әртүрлі болатын. Жобадағы «Тұрғын үй қатынасы туралы» Заңның бабында «Көп қабатты тұрғын үйлер мен коммуникациялық инфрақұрлымдарды күтіп ұстауды қамтамасыз ететін тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, тұрғын үй қоры, сондай-ақ, өзге де ұйымдар тұрғын үйде тұратын адамдарға қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасайды» делінген.
Көп қабатты тұрғын үйді басқару және күту үшін «Тұрғын үй қатынасы туралы» Заңның 42-бабындағы заң жобасына кондоминиум нысанын басқару формасын өзгерту енгізілді. Бұл пәтер иелерін біріктіру немесе серіктестік болуы мүмкін. Біріккен пәтер иелері заңды тұлға болып табылады, коммерциялық ұйымға жатпайды. Азаматтық заңнамаға сәйкес 30-дан аспайтын пәтері бар көп қабатты тұрғын үйді пәтер иелерімен бірге жұмыс істеу жөніндегі келісім-шарт негізінде көп қабатты тұрғын үйдің біріккен басқармасы басқарады.
10-3 бапта кондоминиум нысанының ортақ мүлкін басқару және күту шығынының аз мөлшерін бекіту бойынша жергілікті өкілетті органдарға өкілет берілген. Келтірілген шығын үшін үй басқарушысының жауапкершілігі анықталған. Тұрғын үй қоры мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында бірыңғай ақпараттық жүйе құрылады. Ол электрондық ақпараттық ресурстарды құруға, мәліметтерді пайдалануға, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының қатысушылары арасындағы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді. Бірыңғай қаржы операторын құру үшін пәтер иелерінің қаржысын жинақтау мәселесі қарастырылуда. Бұл кондоминиум нысанының күрделі жөндеуін одан әрі жинақтау банкімен несиелеу үшін тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесін жасау деген сөз. Жергілікті бюджет қаржысы есебінен жөндеуді қаржыландыру тетігі қарастырылуда.
Тұрғын үй құрылыс жинақтау жүйесі арқылы қайтарымды негізде несиелеу есебінен көп қабатты тұрғын үйді жаңғыртудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастыру қажет. Атқарылған күрделі жөндеуге жеңілдікпен төленетін тұрғын үй жәрдемақысының бағдарламасын жүзеге асыру тетігін дамыту қажет. Аула аумағын, көп қабатты тұрғын үйдің сырты мен шатырын жөндеуге бюджеттен қаржы бөлуді қарау керек. Бұл шараларды жүзеге асыру кондоминиум нысанының ортақ мүлкін күрделі жөндеуді жыл сайын жоспарлауға, күрделі жөндеуді қажетсінетін көп қабатты тұрғын үйлер санын азайтуға, қолда бар тұрғын үй қорын пайдалану мерзімін ұзартуға, елді мекендердің көркін қамтамасыз етуге және тұрғындардың лайықты тұрмысына мүмкіндік береді. Биылғы Жолдау мұраты да осы екені анық.
Иван ЮРЧЕНКО,
Ақмола облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар