Басты көрсеткіштер өсіп, еңбек өнімділігі артып келеді

Қазақстандықтардың әл-ауқатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің деңгейіне көтеруге қол жеткізетін экономиканың сапалы әрі тұрақты көтерілуі Қазақстанның 2025 жылға дейінгі негізгі стратегиялық мақсаты болып табылады.
Халық шаруашылығында осы тұрғыдағы көзделген көрсеткіштерді қамтамасыз ету еліміздің әлемнің дамыған отыз елінің қатарына кіру мүмкіндігін де ұлғайта түсері анық.

2025 жылға дейінгі Стратегиялық жоспардың негізінде экономиканың өнімділігін және күрделілігін арттыру, адами капиталды дамыту және бәсекелестіктің өсуі жағдайында жекеменшіктің қаражатын тарту, жеке сектордың көшбастаушы рөлі мен ел өңірлерінің даму әлеуетін іске асыру есебінен экспортқа бағдарланған өндірісті ынталандыруға негізделген жаңа экономикалық өсу моделі қамтылған.
Түйінді ұлттық индикаторлар елдің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы прогресін, сондай-ақ, оның өңірлерінің дамуын көрсетеді.
2018 жылы Ақмола облысы 2016 жылғы деңгейіне қарағанда еңбек өнімділігінің 11,2 пайыз өсуіне қол жеткізді. Еңбек өнімділігінің жалпы өсімі өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігінің 4,8 пайыз, агроөнеркәсіптік кешендегі – 10,1 пайыз, көтерме және бөлшек саудада – 16,3 пайыз, көлік және логистикада – 10,2 пайыз, туризмде – 9,5 пайыз өсуімен қамтамасыз етілген. Шикізат емес тауарлар экспортының көлемі 163,5 миллион АҚШ долларын құрайды. Жалпы өңірлік өнімнің көлеміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 27,6 пайыз болуына қол жеткізілді.
Сонымен бірге, Ақмола облысында туу кезіндегі күтілетін өмір сүру ұзақтығы 71,6 жасқа жетті. Жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызға дейін түсті. Халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы нақты ақшалай кірісі 2016 жылғы деңгейден 8,8 пайыз өсті.
Биылғы жылы бекітілген түйінді ұлттық индикаторларға қол жеткізу бойынша жұмыс жалғасуда. Көлеңкелі экономикамен күресуде мемлекет пен азаматтардың күш-жігерін біріктіргенде, одан да жақсы нәтижелер күтуге болатыны сөзсіз.

Ақмола облыстық экономика
және бюджеттік жоспарлау басқармасы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар