Ұлттық ілгерілеудің жолы

Целиноград ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Рухани жаңғыру – дамудың басты кепілі» атты облыстық деңгейдегі семинар өтті.

Семинар жұмысына Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.Айтқожинова, «Болашақ біздің қолымызда» корпоративтік қорының атқарушы директоры Ж.Жақыпов, «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КАҚ орталығының жоба менеджері Ш.Мәкенбаева, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жобалық тобының мүшесі М.Арконова, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының арнайы жобалар бөлімінің бас маманы Ә.Сембі, Целиноград, Ерейментау, Шортанды, Қорғалжын, Астрахан, Егіндікөл, Аршалы және Ақкөл аудандары ішкі саясат бөлімдерінің басшылары мен мамандары, кітапханашылар, білім, мамандары, мәдениет салаларының қызметкерлері, мұражай қызметкерлері мен әр салада еңбек ететін жастар қатысты.
Семинардың мақсаты – «Рухани жаңғыру – дамудың басты кепілі» бағдарламасы аясында қатысушылардың кәсіби шеберліктерін арттыру. Семинарда бағдарламаның негізгі бағыттарына, сонымен қатар, оның міндеттерін тиімді жүзеге асыру сөз болып, әр бағыт бойынша пікірлер алмасу, тренинг өткізу жүзеге асырылды.
Әсіресе, әр өңірдегі атқарылып жатқан іс-шаралардың жай-жапсары, осы орайда, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің арасындағы байланыс мәселелері де назардан тыс қалмады. Целиноград ауданы әкімінің орынбасары А.Айтқожинова өңірде бағдарламаның бағыттары бойынша жүзеге асырылған шараларға тоқталып өтті. Ең бастысы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында баяндалған бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның эволюциялық дамуы, сананың ашықтығы секілді мәселелер төңірегіндегі ойлар ортаға салынды.Семинар соңында қатысушыларға Ақмола облыстық ішкі саясат басқарамасының басшысы Ғалым Шойкин семинарға қатысқаны үшін сертификаттар табыс етті.
Дидар ОРАЛБЕК,
Целиноград аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкері.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар