Құқықтық статистика жұмысы жетілдірілуде

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Ақмола облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу басқармасы бастығының орынбасары Берікбол Сапарғалиев, бөлім басшылары Ләззат Құдабаева мен Виктор Красноусов өздері көрсететін мемлекеттік қызметтер жөнінде айтып берді.

–Құқықтық статистика органымен прокуратура органдарынан шығатын сотталғаны және әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі анықтама, мұрағат анықтамасы, ресми құжаттарды апостілеу тәрізді мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Осы қызметтердің үш түрін «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы алуға болады. Электрондық-цифрлық қолыңыз болса үйден шықпай-ақ, онлайн қызметіне тапсырыс бере аласыз. Ресми құжаттарды апостілеуден өзге барлық қызмет тегін. Апостілеу қызметіне 0,5 айлық есептік көрсеткіш (1262,5 теңге) мемлекеттік алым төленеді. Қызмет алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесімен келіспеген жағдайда арыздануына құқы бар. Көрсетілген барлық мемлекеттік қызметтер бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Ақмола облыстық құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті қызмет көрсетеді,–деген Берікбол Сапарғалиев басқарманың биылғы жартыжылдықта атқарған жұмысы жөнінде айтып берді.
–Қазақстан Республикасынан тыс шығуға сотталмағаны жөніндегі 650 анықтама берілді, ресми құжаттарды апостілеу аясында 372 сұрау салу орындалды. Бірінші жартыжылдықта әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мәліметті беру аясында 4 024 сұрау салу орындалды. Оның 23-і тұрғындарға қызмет көрсету орталығы, 4001 «M-Gov» арқылы берілді. Мұрағат анықтамасын беру аясында 111 өтініш орындалды. Оның 55-і тұрғындарға қызмет көрсету орталығы және «ПЭП» арқылы берілді. Мемлекеттік қызметті алу тәртібін қысқарту, жетілдіру жұмысы тұрақты бақылауда. Өздігінен жүре алмайтын сырқат адамға мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды мемлекеттік корпорацияның қызметшілері үйлеріне барып қабылдайды. Олар 1414 мемлекеттік қызмет көрсету мәселесі бойынша бірыңғай контакт орталық арқылы хабарласуы тиіс.
Аталмыш комитет есебі бойынша әкімшілік құқық бұзған адам жөнінде мәлімет беру қызметі электрондық түрдегі «электрондық үкімет» веб порталы арқылы жүргізіледі. Анықтама 15 минуттың ішінде беріледі. Ол жөнінде Ләззат Құдабаева айтып берді. Мәселен, айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған адам айыппұл төлеген кезден бастап бір жыл бойы есепте болады. Сотталмағаны жөнінде анықтама беру қызметі толық автоматтандырылған. Виктор Красноусовтың айтуынша, анықтаманы үшінші жеке және заңды тұлға арқылы алуға болады. Мұндай жаңалық жұмысқа орналасатын адамға өте тиімді. Сондай-ақ, ол өзге де көрсетілетін мемлекеттік қызметтер жөнінде айтты. Шара соңында құқықтық статистиктер журналистер сауалдарына жауап берді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар