Сұхбат алаңындағы пайдалы пікір алмасулар

Азаматтық қорғаныс жоғары көпсалалы колледжінде «Болашақ біздің қолымызда» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен «Әлеуметтік мәселелерді шешудегі үкіметтік емес ұйымдардың рөлі» атты диалог алаңы ұйымдастырылды.

Жоба Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар беру шеңберінде жүзеге асырылды.
Аталған іс-шараның мақсаты – белсенді жастармен өзекті мәселелер мен әлеуметтік мәселелерді талқылау, тәжірибе алмасу, сондай-ақ, әлеуметтік мәселелерді шешудегі үкіметтік емес ұйымдар рөлін зерделеу.
Біздің елімізде үкіметтік емес ұйымдар қоғамдық бірлестік, мемлекеттік емес қорлар, заңды тұлғалардың одағы ретінде жұмыс істеп, қордаланған өзекті мәселелерді шешуге атсалысады. Бүгінгі күнде нақты жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдар өміріміздің әр түрлі салаларында қызмет көрсетеді. Негізінде, бұл адам құқығын қорғау, қоршаған орта мен экология, гендерлік мәселелер, халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобының мүдделерін қорғау сияқты әлеуметтік маңызы бар салалар.
Іс-шараны қордың атқарушы директоры Жанат Жақыпов бастап, Ақмола облысының білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет пен ішкі саясат салаларындағы қоғамдық ұйымдармен өткізілген әлеуметтік іс-шаралар туралы кеңінен айтып өтті.
Одан әрі, Ақмола облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы С. Бекқажанова үкіметтік емес сектордың миссиясы мен міндеттері және мемлекеттік қолдау шаралары жөнінде айтты. Ал, Ақмола облысының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлмира Құсайын практикалық тәжірибеде кеңес қызметін түсіндіріп, қиын жағдайда қалған жалғыз басты аналарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға психологиялық және материалдық қолдау көрсету сияқты әлеуметтік мәселелерді шешу жайында айтып берді.
Іс-шара барысында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, соңы пікірталасқа ұласты. Сұхбат алаңы барысында қатысушылар еркін форматта пікір алмасып, өздерін толғандырып жүрген мәселелерге қатысты мол ақпарат алды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар