Жолдау жолымен – білім биігіне

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын халқымыз асыға күткені белгілі. Өйткені, онда Президенттің сайлау алды бағдарламасындағы басты мақсаттары, сондай-ақ, алдағы уақытта атқарылатын маңызды жаңа бастамалары, іргелі де нақты істері молынан қамтылған.

Мемлекет басшысының Жолдауын Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ұжымы да ерекше ықыласпен қабылдады. Президенттің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында еліміздің одан әрі қарай әлеуметтік және экономикалық дамуына жол ашып, мол серпін беретін маңызы зор құжат деп есептеймін. Онда ел азаматтарының әлеуметтік мәселелері, жемқорлықпен күрес, халықты жұмыспен қамту, жағдайлары төмен мұқтаж жандарға әлеуметтік қолдау таныту, «Педагог мәртебесі» туралы, ұстаздардың жалақыларының өсуі, волонтерлықты (еріктілер) күшейту және тағы басқа жаңа табысты бастамалар қамтылған.
Жолдауда әсіресе, жоғары оқу орындарындағы білім сапасына ерекше тоқталып, білім беру сапасын одан әрі жақсартуды талап етеді. Осы орайда, еліміздегі іргелі жоғары оқу орындарымен қатар Көкшедегі білімнің қара шаңырағына айналған Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті де сырт қалмай білім сапасын әлемдік стандарттар талабына сай үрдіспен дайындауды басты мақсат тұтып отыр.
Президент Жолдауындағы ұстаздардың жалақыларының өсетіні барша қазақстандық оқу-ағарту саласының қызметкерлеріне қуаныш сезімін сыйлады деуге болады. Ол дегеніміз – педагог мәртебесінің өсуі.
Біздің университетіміздің негізгі оқытатын мамандықтарының басым бөлігі – педагогикалық мамандықтар. Келешекте оқу бітіруші талапкерлер педагогикалық мамандықтарды қызыға таңдап, өздерінің дұрыс шешімдерін табады деген ойдамыз. Яғни, сұраныс ұлғайып, бүгінгі таңдағы кадр-
лар тапшылығының мәселесі де шешілмек.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасының аясын кеңейтіп, жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруын, Үкіметке келесі жылдан бас-
тап, осы бағдарламаны қаржыландыруды 20 миллиард теңгеге жеткізуді тапсырды.
Онда дарынды ауыл жастарын сараптап, отандық және шетелдік жоғары оқу орындарында дайындау керектігі де нақты айтылды.
Бүгінде университетіміз шетелдік жоғары оқу орындарымен, атап айтсақ. Ұлыбритания, Германия, Франция, Испания, Латвия, Польша, Ресей, Қытай және басқа да ТМД елдерінің іргелі оқу орындарымен білім және ғылым, кәсіпкерлікті, кәсіби біліктілікті арттыру тұрғысында тығыз байланыс орнатқан.
2020 жыл «Волонтер жылы» деп жарияланды. Бүгінде университетімізде жүзден астам волонтер-студенттеріміз әлеуметтік бағдарламалармен, «Стартап» жобасымен, мәдени іс-шара кешенімен елімізде және облыс аумағында ерекше белсенділікпен көзге түсіп жүр. Ол дегеніз – қоғамға деген, ортаға деген, туған ел мен туған жерге деген ыстық ықыласты, отансүйгіштікті, ұлтжандылықты көрсетеді. Бұл шаралар, осындай игі қадамдар, жоғары оқу орнымыздың мәртебе-беделін биіктетіп, өскелең ұрпақтың алдағы уақытта толыққанды кемел азамат болып, қалыптасып-дамуына оң ықпал, игі әсерін тигізіп отырғандығын жасыра алмаймыз.
Қазіргі таңда Президентіміз аса назар аударып отырған басты мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Бұл қазіргі қоғамымызды дендеген ауыр індеттердің бірі. Осы орайда, университет бұл мәселелерден сырт қалмай ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ақмола облыстық депертаментімен бірлесе отырып нақты жұмыстар жүргізіп келеді.
Атап айтар болсақ, «Адалдық алаңы», «Біз жемқорлыққа қарсымыз», «Парасаттылық сағаты» сияқты тәрбие сағаттары мен әр түрлі мәдени іс-шаралар өткізіліп тұрады. Сондай-ақ, өткен жылы университет қабырғасында «Адалдық дүкені» ашылып, біздің ұстаздарымыз бен студенттеріміз өздерінің парасатты да адал азамат екендіктерін көрсетуде.
Сонымен қатар, университетімізде білім берумен бірге ғылымның дамуына да ерекше мән берілген. Президент өз Жолда-
уында ғылым саласындағы ахуалға ерекше назар аударуды талап етіп, Үкіметке ғылыми-зерттеулердің деңгейін көтеру және оларды тәжірибеде қолдану тұрғысынан қарастырғаны жөн деген ой айтады. Осы орайда, университеттің оқытушы-ғалымдары өздерінің ғылыми-зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу және коммерцияландыру бағытында нақты қадамдар жасауда.
Университетіміздің профессор-оқытушылық құрамы, докторанттар мен магистранттар өздерінің ғылыми әлеуетін көтеру, оны одан әрі нығайту мақсатында отандық және шетелдің іргелі оқу орындарында ғылыми тағылымдамадан үздіксіз өтіп отырады. Әсіресе, жас ғалым-зерттеушілерге білім ордасында жан-жақты қолдау-көмек көрсетіліп, олардың әлеуметтік жағдайы үнемі басты назарда.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ағымдағы жылды «Жастар жылы» деп жариялағаны белгілі. Бүгінде білім ордасындағы студент жастарға ерекше мән беріліп, сапалы да кәсіби білім алуларына барлық қажетті жағдайлар жасалған.
Білім берумен қатар, жастарды кәсіпкерлікке баулу да қолға алынған. Университетімізде «Бизнес инкубатор» кешені ашылып, болашақ ізденуші-ғалымдар өздерінің ғылыми жетекшілерімен бірлесе отырып, зерттеу жұмыстармен айналысады. Президент өз Жолдауында еліміздегі барлық азаматтардың күш-жігерін біріктіруге, алға қойған ауқымды мақсаттарды іске асыру үшін бірге әрекет етуге шақырады.
Бүгінде ынтымақ-бірлігіміздің арқасында ел тәуелсіздігі нығайып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы жақсарып келеді. Барша отандастарға Жолдаудағы ел болашағының мүддесі үшін айтылған құнды да маңызды ой-пікірлер мен тұжырымдардың өмірде нақты іске асуын тілеймін! Ендеше, Президентіміздің зор сенім артқан азаматтардың қатарынан көріне білейік.
Еліміздің жарқын да кемел болашағы үшін аянбай еңбек етіп, өндірістің барлық саласын қамтитын жоғары білікті, білімді де кәсіби мамандар даярлау ісін жүзеге асыра берейік. Осынау ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын дегім келеді.

Марат СЫРЛЫБАЕВ,
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар