Құс өнімдері молая түспекші

Мемлекет басшысының Жолдауымен танысып шықтық. Ел дамуының маңызды құжатында агроөнеркәсіп кешені туралы тұтас бір бөлім қамтылған. Соның ішінде ауыл тұрмысының сапалы болуын қамтамасыз етпей, ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыру мүмкін еместігі айтылыпты. Бұл – баршамызға ортақ құлаққағыс. Соны ескерсек. Көңілге бір медет болары, әйтеуір, соңғы жылдары облыста жүргізіліп жатқан белсенді жұмыстар құс шаруашылығы саласының дамуында едәуір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Құс шаруашылығы фабрикаларының қосымша қуаттылықтары арттырылды, Ақкөл ауданының «Үшбұлақ 2005» ЖШС жылына 90 миллион дана жұмыртқа, Бурабай ауданының «АгроИнвест» ЖШС 100 миллион дана жұмыртқа өндіреді. Біржан сал ауданының «ҚазГерҚұс» ЖШС-нің екінші кезегі іске қосылды. Соның нәтижесінде аталмыш кәсіпорын бойынша жұмыртқа өндірісі жылына 300 миллион данадан асатын болды. 2018 жылы «Целиноград құс фабрикасы» ЖШС іске қосылды.
Жаңа қуаттылықтарды салу және қолданыстағыларды кеңейту жұмыртқа өндірісі бойынша Ақмола облысының кәсіпорындарына республикамызда алғашқылардың бірі болу мүмкіндігін берді. Нәтижесінде жұмыртқа өндірісінің саласы облыс және астана халқының ішкі тұтынушылығын қамтамасыз етіп қана қоймай, өндірілген өнімді Ресей, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан сияқты таяу және қиыр шетелге экспортқа шығару мүмкіндігін берді. Яғни, жұмыртқа астық, ұн және еттен кейін төртінші экспорттық өнім болып есептеледі.
Облыста импортты алмастыру бойынша қойылған міндеттердің шеңберінде құс етінің өндіріс көлемдерін арттыруға бағыт алынды. Орталық және жергілікті атқарушы органдарының тарапынан жасалған осындай қолайлы жағдайлардың арқасында ауқымды нәтижелерге қол жетіп отыр.
Келесі жылы құс етінің өндірісі бойынша «Капитал прожект ЛТД» ЖШС-інің 20 мың тоннаға дейін, «АПП Астраханская птица» ЖШС-інің 3 мың тоннаға дейін жобалық қуаттылыққа шығуы жоспарланған.
Облыстың Бұланды ауданында жылына қуаттылығы 50 мың тоннаға дейін бройлер тауықтардың ет өндірісі бойынша Орталық Азиядағы ең ірі құс фабрикасының қолданысқа енгізілуін атап өткен жөн. Оның бірінші кезегі 2018 жылдың төртінші тоқсанында іске қосылды. Биылғы жылдың соңында бұл кәсіпорында өнім өндірісі 25 мың тоннаның деңгейіне дейін жеткізілетін болады. Кәсіпорынның жобалық қуаттылыққа шығуы 2020 жылға жоспарланған. Бұл облысқа республика бойынша құс етінің импортын үштен бірге қысқартуға мүмкіндік береді. Ал, жыл сайынғы импорт бұл күнде 170 мың тонна болып отыр. Келешекте өндірілген өнімнің ірі экспорттаушысы болып табылатын біздің облыста құс шаруашылығы өнімінің өндірісі бойынша кластер қалыптастырылуда.
«Ауыл шаруашылығы – біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар». Бұл да Президентіміздің биылғы Жолдауда айтқан сөзі. Ендеше осы алда тұрған міндеттерді басшылыққа алып, ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал және құс шаруашылығын дамытуға бар күшті сала түсуіміз керек.
Совет БАЛТАБАЙ,
Ақмола облысы ауыл шаруашылығы басқармасының баспасөз хатшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар