«Президенттік жас мамандар резервіне» өтініштер қабылданады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің алдына Президенттік жас мамандар резервін даярлау міндетін алға қойған болатын.

Осы тапсырманы орындау мақсатында агенттік «Президенттік жас мамандар резерві» құрамына азаматтардың өтінішін онлайн режимде қабылдауға мүмкіндік беретін PKRezerv.kz онлайн платформасын іске қосты.
Өтініштер биылғы жылдың қыркүйек айының 1-30 аралығында қабылданады. Президенттік жас мамандар резерві төмендегідей бағыттар бойынша толықтырылады:
Басқарушылық лауазымдар тобы:
-Орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары;
-Орталық және жергілікті атқарушы органдардың аппарат жетекшілері;
Салалық лауазымдар тобы:
-Министрлер мен оның орынбасарлары;
-Облыс, республикалық дәрежедегі қалалар мен астананың әкімдерінің орынбасарлары;
-Орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары;
-Квазимемлекеттік сектор компаниялары басқармаларының төрағалары мен мүшелері;
Аймақтық лауазымдар тобы:
-Облыс, республикалық дәрежедегі қалалар мен астананың әкімдері.
Қойылатын талаптар: Қазақстан Республикасының азаматтығының болуы, жас мөлшері 35 жасқа дейін, жоғары білімі мен 5 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының өз аумағында және шет елдерде тұратын Қазақстан азаматтары қатыстырылады. Президенттік жас мамандар резервінде тұру мерзімі – 5 жыл.
Атап өту керек, конкурсқа Президент тағайындаған саяси мемлекеттік қызметшілер қатыстырылмайды. Резервке қою мынадай кезеңдерден тұрады: бірінші кезең – қатысушылардың құжаттарын қабылдау; екінші кезең: қатысушылардың қабілет-қарымын көрсететін тестілеу; үшінші кезең: қатысушының әлеуетін бағалау. Іріктеудің соңғы кезеңінде мамандар резерві жөніндегі ұлттық комиссия неғұрлым жоғары балл жинаған үміткерлерді президенттік жас мамандар резервіне қояды.
Елена ЕВНИЕВА,
облыстық мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департаменттің басқарма басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар