«Ақмола – адалдық алаңы»

«Ақмола – адалдық алаңы» жобасының кураторы, облыс әкімінің орынбасары Қанат Ыдырысов жоба офисінде азаматтарды қабылдады.

Өздерін толғандырған мәселелер бойынша үш азамат өтінішпен келіп, сұрақтарына жауап алды. Негізінен ол азаматтар мақсатты әлеуметтік көмек, жұмысқа орналастыру және зейнетақы мен жәрдемақы алуға қатысты өтініштерін айтты. Қанат Ыдырысов шағымданып келген азаматтардың өтініштерін тыңдап, бұл мәселені шешуді құзырлы органдарға тапсыратынын айтты және сол арада облыстық еңбекпен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжановаға өз құзыры шеңберінде азаматтардың өтініштерін шешуге көмектесуді жүктеді.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар