Сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін

Сыбайлас жемқорлықпен күрес Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясында белгіленген мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы бекітілген. Оның негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, квазимемлекеттік және жекеменшік секторда қоғамдық бақылау институтын енгізу, құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықты болдырмауды ескерту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру, сыбайлас жемқорлық мәселелері жөнінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Заңнамаға сәйкес барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері және лауазымды тұлғалар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыруға міндетті.
Бюджеттік атқару саласындағы мемлекеттік орган ретіндегі функцияларды жүзеге асыратын Ақмола облысының қаржы басқармасы сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және болдырмау бойынша кешенді шараларды жүргізеді. Бұл ретте, басқарманың қызметі ашық. Сонымен қатар, қаржы басқармасының ресми интернет-ресурсында облыс бюджеті, облыстық бюджетті атқару туралы ақпарат, басқарманың бюджеттік бағдарламалары, басқарма әзірлейтін нормативтік-құқықтық актілердің жобалары орналастырылып отырады.
Сондай-ақ, сайтта басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысты қызметі жарияланып, жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған «виртуалды қабылдау» жұмыс істейді (http://oblfin.akmo.gov.kz/page/read/blog.html).
Қызметтік әдеп нормаларын сақтауды қамтамасыз ету, мемлекеттік қызмет туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алу бойынша қызметті әдеп жөніндегі уәкіл жүзеге асырады және ол бойынша ақпарат ресми сайтта орналастырылады (сенім телефоны 25-30-42).
Мемлекеттік қызметшілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының алдын алу мақсатында Ақмола облысының қаржы басқармасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына қарсы іс-қимыл және оның алдын алу мәселелеріне қатысты өзекті тақырыптарға аппараттық оқулар тұрақты түрде өткізіліп отырады. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және белгіленген қағидаларды бұлжытпай сақтауға бағытталған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг бекітілген. Тұрақты түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін, бюджетті атқару саласында құқық қолдану тәжірибесінің жағдайын талдауды жүйелі түрде жүргізуге мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізіледі.
Осылайша аталған іс-шараларды жүргізу сыбайлас жемқорлық көріністерін қалыптастыруға мүмкіндік береді және бұл әр уақытта қаржы басқармасының басым міндеті болып табылады.
Талғат БӨЛТЕНОВ,
Ақмола облысының қаржы басқармасының басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар