Күзгі жауын-шашынға қарамастан диқандар ерлеп жатыр

Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметі бойынша бүгінгі күнге дейін 4 миллион 379 мың 600 гектардың немесе барлық егістік алқабының 59,5 пайыз астығы жиналып, қамбаға 2 миллион 682 мың 500 тонна астық, 168,9 мың тонна тұқым құйылды. Әр гектардың түсімі 10,3 центнерден айналуда. Облыста тәулігіне 100 мың тонна астық кептіретін 230 қондырғы жұмыс істеуде. Сондай-ақ, 4,6 миллион тонна астық сақтай алатын 69 астық қабылдау кәсіпорны мен ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы 2 миллион тонна астық сиятын қоймалар өнімді сақтауға мүмкіндік береді.

Толассыз жауған жаңбырдың салдарынан биылғы жылғы егін орағы кеш басталды. Мәселен, Бурабай, Біржан сал, Зеренді аудандарында 24-36,2 миллиметр аралығында жауын түскен. Ал, Жарқайың, Есіл, Жақсы аудандарындағы жауын-шашынның мөлшері 11-22,4 миллиметр деңгейінде болды. Қорғалжын ауданынан өзге өңірлерде жаңбыр біршама мол жауды. Қазір диқандар ашық күнді тиімді пайдалануға тырысуда.
Мәселен, Есіл, Біржан сал, Жақсы, Жарқайың, Атбасар, Ақкөл аудандарының диқандары өз алқаптарының 62-68 пайызын бастырып үлгерді. Олардан Сандықтау, Шортанды, Аршалы, Бұланды аудандары да қалысар емес. Облыс бойынша күніне 419,4 мың гектар егін орылып, 432 мың тонна астық бастырылады. Биыл өңір диқандары қамбаға 536,5 мың тонна тұқым құюды жоспарлап отыр. Әзірше бұл жұмыстың 31,5 пайызы орындалды. Қазір механикаландырылған қырмандардағы жұмыс қыза түскен. Облыста тәулігіне 100 мың тонна астық кептіретін 230 қондырғы жұмыс істеуде. Сондай-ақ, 4,6 миллион тонна астық сақтай алатын 69 астық қабылдау кәсіпорны мен ауыл шаруашылығы құрылымдарындағы 2 миллион тонна астық сиятын қоймалар өнімді сақтауға мүмкіндік береді.
Жақсы ауданының диқандары 444,6 мың егіс алқабының 293,2 мың гектарын немесе 65,7 пайызын жинап алды. Аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Айжан Ділдебаеваның айтуынша, 225,4 мың гектар алқаптың бидайы, 60,6 мың гектардың арпасы, 4,3 мың гектардың сұлысы, 1,3 мың гектардың жемазығын, 1,5 мың гектардың бұршақ дақылдары орылып, 355,6 мың тонна дәнді және бұршақ дақылдары бастырылды. Сөйтіп, қамбаға 269,8 мың тонна бидай, 78,7 мың тонна арпа, 4,9 мың тонна сұлы, 1,1 мың тонна жемазық, 0,9 мың тонна бұршақ дақылдары құйылды. Аудан бойынша әр гектардан 12,1 центнерден өнім жиналуда. Әр гектардан 12 центнерден бидай, 13 центнерден арпа, 11,3 центнерден сұлы, 8,8 центнерден жемазық, 6,4 центнерден бұршақ дақылдары жиналуда.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар