Қазақ білсін!

Тұрмыс-салт дәстүрлері

Анттасу. Жаудан кек қайтару үшін, адамдар бір-біріне деген адалдықтан айнымау үшін, еларалық тату келісімді сақтау үшін ант айтатын салт-дәстүр бар. Халық алдында айтылған антын бұзған адамды «ант-атқан» деп жек көріп, «Уа, айтылған ант, серттескен уәде, алысқан қол қайда?!» – деп, кінәлаған.

Араша түсу. Дауласқан, жанжалдасқан адамдарға басу айтып ажырату, сабасына түсіру – «араша түсу» деп аталады. Бұрындары мұндай жанжалда ауылдың, елдің абыройлы абызы: «Араша! Араша!», – деп от шыққалы тұрған ортаға барып, қарсыласқандарға басу айтқан. «Араша, араша» деген сөзді естігенде, олар ұрысты тоқтату керек. Тыңдамаған жағдайда оларға айып салынады.

Аяғына жығылу. Кешірім сұраудың ең үлкен, кішіреюдің ең ауыр түрі – осындай талап болған. Оны орындағанда айыпты адам жанына абыройлы, қадірлі кісілерді ертіп алып, тиісті адамның үйіне рұқсатпен кіріп, кешірім сұрайды. Айыбы үлкен болса, айыпкер өзі кінәлі болған адамның аяғына жығылып, оны құшақтаған қалпы жылап, кешірім сұрап, жалынған. «Аяғына жығылу» – әрі ғұрып, әрі жазаның бір түрі.

Ат құйрығын кесу. Әртүрлі себептермен қайта-қайта керісіп жүрген адамдар ақырында бір-бірімен жауласып кетеді, айналасындағы туыстарынан безеді. Ең соңында бет көріспеске бел буған мұндай адам өзінің мініп жүрген атының құйрығын кесіп, екі қолын төбесіне қойып, басқа жаққа безіп кетеді. Бұл кері бұрылмаудың белгісі болады. Сол себепті ата-бабаларымыз «атыңның құйрығын кеспе, қолыңды төбеңе қойма» дейтін. Мұнысы жамандықты шақырма дегені екен де.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар