«Сән берген бұл өмірге ән менен жыр»

Осындай тақырыпта Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай, Қарттар күні қарсаңында Ақмола облыстық ардагерлер кеңесі мен Ақмола облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы бірлесіп, ардагерлер ұйымдарының арасында көркемөнерпаздар байқауын ұйымдастыруда. Қазіргі таңда жер-жерде байқаудың іріктеу кезеңі жүріп жатыр.

Топтық байқаулар Ақкөл ауданында (Ақкөл, Бұланды, Шортанды аудандары және Степногорск қаласы), Атбасар қаласында (Атбасар, Астрахан, Егіндікөл, Есіл, Жақсы және Жарқайың аудандары), Ақмол кентінде (Аршалы, Қорғалжын, Ерейментау, Целиноград аудандары) және Балкашино ауылында (Біржан сал, Бурабай, Зеренді, Сандықтау аудандары) өтіп, 14 шығармашылық ұжым өз өнерлерін ортаға салды.
Көркемөнерпаздарының гала концерті 2019 жылы 31 қазанда облыс орталығында өтеді деп жоспарлануда.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар