Браконьерлер Қопа көліне 2,5 шақырым ау құрған

Ақмола облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы қалалық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп жүргізген тексеріс барысында Көкшетау қаласындағы Қопа көлінде жалпы ұзындығы 2,5 шақырым заңсыз құрылған 27 ауды анықтады.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, заңсыз ауланған балықтар еркіндікке жіберілді, балық аулары жойылды. Полиция органдары ауды заңсыз құрғандарды анықтауда. Сондай-ақ, Ақмола облыстық мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасының бастамасымен уәкілетті органдар браконьерлерге қатысты фактілерді анықтау үшін басқа да шаралар жүргізіп жатыр.
Жыл басынан бері полиция қызметкерлері мен Ақмола облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы аң аулау ережелерін бұзғаны үшін 220 адамды, ал, балық аулау ережесін бұзғаны үшін 420 адамды жауапқа тартты.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар