Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев американдық ірі компания басшыларымен кездесті.

Кездесу барысында компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыттары, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының шеңберіндегі ынтымақтастық мәселесі талқыланды.
Мемлекет басшысы Дэвид Соломонға компаниясының Қазақстандағы жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыруға қатысқаны, сондай-ақ, 2018 жылы АХҚО биржасы акционерлерінің қатарына кіргені үшін алғыс айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаев «Goldman Sachs» компаниясымен ынтымақтаса отырып Қазақстанда жаңа жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты. Атап айтқанда, АХҚО-мен өзара іс-қимыл аясын кеңейту және қазақстандық компаниялардың IPO-ға шығуына жәрдемдесу мәселелерінде тығыз жұмыс істеуге ниет білдірді.
***
Нью-Йорк сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі америкалық саясаткер, «Eurasia Group» зерттеу және консалтингтік компаниясының негізін қалаушы және президенті Ян Бреммермен кездесті.
Тараптар кездесу барысында өңірлік және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір
алмасып, технологиялық дамудағы заманауи трендтерді талқылады.
Кездесу соңында Қазақстан Президенті Ян Бреммерді «Astana Club» халықаралық пікірталас алаңының жұмысына қатысуға шақырды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар