Төтенше жағдайлар саласының сарапшылары бас қосты

Ш.Құсайынов атындағы қазақ музыкалық-драма театрында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің

Көкшетау техникалық институтының ұйымдастыруымен «Өрт қауіпсіздігінің өзекті мәселелері, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою» атты Х Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Институт бастығы, техника ғылымдарының докторы, профессор Сырым Шәріпханов құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін білдірді.

Конференцияға Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қазақстан Рес-публикасы ғалымдары, Қазақстан Респуб-ликасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің жергілікті және құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері
қатысты.
Салтанатты жиынның ашылу салтанаты мен пленарлық отырысында өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою саласындағы маңызды ғылыми мәселелер бойынша баяндамалар тыңдалды. Институт бастығының ғылыми жұмысы бойынша орынбасары, қауымдастырылған профессор К.Райымбеков институттың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыру жұмысымен таныс-тырды. Конференцияда Беларусь Респуб-ликасы Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғау университетінің Гомель филиалы «Жедел-тактикалық қызмет және техника» кафедрасының бастығы Владимир Копытков, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының әскери институты жалпы білім беретін пәндер кафедрасының бастығы Дүйсембек Елжанов, Ақтөбе облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Бауыржан Сыздықов баяндама жасады.
Сонымен қатар, «Global Fire Protection» ЖШС ғылыми жетекшісі, профессор Руслан Жұмағалиев бейне жазба арқылы өзінің жүрекжарды лебізін білдірді. Конференция жұмысының екінші бөлігінде, институт қабырғасында секциялық отырыстар өткізілді. Мұнда шетелден келген конференция қонақтарының, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар Комитеті аймақты бөлімшелерінің және институттың профессор-оқытушылық құрамының баяндамалары тыңдалды.
Іс-шара соңында азаматтық қорғау саласында жоғары білікті мамандарды даярлаудың, жоғары оқу орындарының арасындағы ғылыми-зерттеулердің болашақ жоспарларын дамыту мәселелері әңгіме өзегіне айналды. Конференция соңында қатысушыларға сертификаттар мен Алғыс хаттар табыс етілді.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Суретті түсірген
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар