Тұмауға қарсы екпе егіледі

Облыс аумағында қазан айының 1-нен бастап тұмауға қарсы екпе егу науқаны басталады. Осы ретте, екпені тегін алатын адамдардың тобы анықталып отыр.

Ақмола облысы бойынша тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің мәліметінше, тұмауға қарсы екпе алу үшін тұрғындар тұрғылықты жері бойынша тіркелген емханаларға баруы қажет. Облыс аумағында екпе егетін 364 ем-шара кабинеті анықталып отыр. «Қауіптілер» тобындағы тұлғаларға екпе егу үшін тегін 72860 мөлшерлі вакцина қарастырылған. Осы бағытта жергілікті бюджет есебінен 7 миллион 830 мың теңгеге 9000 вакцина сатып алынды. «Гриппол плюс» вакцинасы Ресей Федерациясында шығарылған, биылғы эпидемологиялық маусымда байқалады деп болжанып отырған тұмаудың А және В түрлеріне қарсы егілмекші.
Тұмауға қарсы тегін екпені медицина қызметкерлері, 2-3 айлық жүкті әйелдер, созылмалы ауруларымен диспансерлік есепте тұрған ерсектер мен балалар, жиі ауратын 6 жастан асқан балалар, жабық мекемелердегі адамдар алады.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар