Қариясы бар ел-қазынасы бар ел

1 қазан – Халықаралық қарттар күні. Қарттарға ықылас білдіру, қуаныш сыйлау – біздің халқымыздың дәстүріне терең орнығып, салт-санасына сіңген қасиет. Әрине, олардың өмірлік тәжірибелері мен ақыл – кеңестері, тәлім – тағылымдары біз үшін орны бөлек.
«Балдәурен» РОСО ұжымы үшін де бұл мереке – аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіріп, қамқорлық көрсететін айрықша күн. Десек те, бұндай құрмет ақ жаулықты аналарымыз бен ақ сақалды қарияларымыздың ерен еңбектері мен адамгергершілік және даналық қасиеттерінің қасында азғантай ғана үлесіміз болып табылады.
Айтулы мерекеде «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының қызметкерлері мен 13-ауысым қатысушылары қаламыздағы қарттар үйіне барып, қарияларымызды құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Иә, «жылы сөз-жанға қуат» дегендей, қарияларымыз ыстық ықыласымызға шексіз алғыстарын білдіріп жатты…
Қариясы бар ел-қазынасы бар ел. Сондықтан қазыналы қарттарымыз бен ардақты апа-әжелеріміз қашан да аман болсын!
Сіздерге баянды бақыт, мәнді өмір, зор денсаулық пен амандық тілейміз, жақындарыңыздың өздеріңізге деген сарқылмас сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арта берсін!

Баспасөз хатшысы – Ерденова Айнур Жетпісбайқызы

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар