Целиноград ауданындағы «Мәншүк-АЭ» серіктестігі қазіргі күні егіс алқабының 90 пайыздан астамын бастырып, қамбаға құйып алған екен.

Дәннің қамырлылығы 32-33 пайызды құрап отыр. Біз барғанда егіс алқабында он комбайн саптағы сарбаздай бірінен соң бірі тізіліп, қызу жұмыс істеп жатты. Алынған өнім бірден шаруашылықтың механикаландырылған қырманына жөнелтіледі. Айта кетейік, іскер азамат Тимур Амангелдіұлы басқаратын «Мәншүк-АЭ» серіктестігі аудандағы егін және мал шаруашылығымен айналысатын іргелі шаруашылықтардың қатарынан саналады. Серіктестікте мың бас ірі қара мал өсіріледі, сонымен қатар, 50 мың гектар егістік жері бар. Жер қыртысын өңдеу үшін «No Till» нөлдік технологиясы пайдаланылады.
Серіктестікте он жеті жылдан бері бас агроном болып еңбек етіп келе жатқан Ербол Балтабаевтың айтуынша, биылғы егін шығымы көңілдегідей болып тұр. Қазіргі күні бидай орта есеппен гектарынан 11,3 центнерден, ал арпа 14,8 центнерден жиналуда. «Күн ашық болса, енді бір-екі күннің ішінде орақты толық аяқтаймыз», – дейді бас агроном.

Суретте: серіктестіктің бас агрономы Ербол Балтабаев.
Суретті түсірген Берік ЕСКЕНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар