Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың ауыл еңбеккерлерін 2019 жылғы астық жинау жұмыстарының аяқталуымен құттықтауы

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, Целиноград ауданының «Родина» агрофирмасы» ЖШС және «Ақтық Агрофирмасы» ЖШС, Аршалы ауданының Ижевский ӨК, Сандықтау ауданының «Свободное» ЖШС, Есіл ауданының «Заречное» ЖШС, Бұланды ауданының «Журавлевка-1» ЖШС, Атбасар ауданының «Әріп-Агро» ЖШС, Астрахан ауданының «Ізбасаров и К» ЖШС диқандары машина-трактор паркін жаңартудың, заманауи технологияларды енгізудің және ауыл шаруашылығы саласы еңбеккерлерінің шеберлігінің арқасында облыста бірінші болып астық жинауды аяқтап, жақсы нәтижелерге қол жеткізді.
Осы жылдың астық жинау жұмыстарымен қатар, алдағы 2020 жылғы болашақ өнімнің берік негізін қалау жөнінде де көп жұмыс атқарылды. Толықтай сұрыптық, жоғары сапалы тұқым құйып алынды және сүдігер көтерілді.
Аудандардағы астық өсірушілердің ерен еңбегі еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруға қосылған зор үлес болып табылады.
Барша ауыл еңбеккерлерін облыс бойынша астық жинау науқанының сәтті аяқталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар