Елорданың Жастар театры – Көкшетауда!

Құрметті өнер сүйер қауым! Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Жастар театры Көкшетау қаласына гастрольдік сапармен келіп отыр. Үш күн бойы театрдың талантты әртістері көкшеліктерге репертуарларындағы мазмұнды, қызықты, тартымды спектальдерінің бірі – Дж.Родаридің «Чиполлино» ертегісін, У.Шекспирдің «Асауға тұсау» комедиясын, Ғ.Мүсіреповтың «Жібек» мюзиклін, сондай-ақ, «Жанарымдағы жалғыз әуен» атты музыкалық қойылымын ұсынғалы отыр.

Айта кетейік, бүгінде театр репертуарында 46 спектакль бар. Көпшіліктің қошеметіне ие болған өнер туындысының қай-қайсысы да айрықша атап өтуге тұрарлық қызықты қойылымдар. Рес-
публика көлемінде жақсы жағынан танылып жүрген театр ұжымының өнері көкшелік көрерменге де ұнайды деген ойдамыз.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар