Жерлесіміз үздіктер қатарында

«Астана» велоклубының құрамында өнер көрсететін ақмолалық велошабандоз Евгений Гидич «Хорватия турының» 3-кезеңінде жеңіске жетті.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Округ қаласында басталған жарыс ауа райының желді болуына байланысты уақытша тоқтатылып, Макарска қаласында жалғасты. Жарыс жолы 45 шақырымға дейін созылды. Мәре жолында тартысқан 24 велошабандоздың арасында екі қазақстандық Евгений Гидич пен Андрей Зейц та болды. Дегенмен, жерлесіміз Евгений бағы мен бабы қатар шауып, жарыс жеңімпазы атанды.
Бұл жеңісінің арқасында ақмолалық велошабандоз «Хорватия турының» үздіктері қатарына енді. Ол Алекс Эдмондсты 6 секундқа, Грег Болені 10 секундқа артқа тастады. Ал, Андрей Зейц пен Давиде Виллелла сәйкесінше 10 және 11 орындарға орналасты. «Астана» жалпы командалық есепте алда келе жатыр. «Хорватия турының» төртінші кезеңі еді Стариградадан Горски-Котарға дейінгі 155 шақырымда өтетін болады.
Айталық, «Хорватия турының» алғашқы кезеңі Осиек және Липик қалалары аралығында өтті. Онда жеңімпаз тек фотофиниш арқылы ғана анықталды. Сол кезде Евгений Гидич Словениялық Марко Кумпоға есе жіберіп алған болатын. Ал, үшінші орынға румындық велошабандоз Эдуард Грос иеленген еді. Енді міне, жіберген сол есені қайтарып отыр.
Аслан ОСПАНОВ.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар