Үнемді шамдар – тиімді

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен Көкшетау қаласы мен Зеренді, Бурабай аудандары әкімдерінің, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармалары басшыларының, Ақмола облысы бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестігінің өңірлік орталықтарының, «Атбасар Технопарк» серіктестігі өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізілді.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Иван Юрченко мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде қолданыстағы жарықтандыру шамдарын отандық өндірушілер шығарған заманауи энергия үнемдегіш ЛЭД шамдарына ауыстыруды ұсынды. Бұл электр қуатын үнемдеуге игі ықпалын тигізіп қана қоймай, отандық өндірушілерді қолдай отырып, жергілікті өндірісті дамытуға да серпін бермек.
Атап айтқанда, Көкшетау қаласы бойынша 4 мың, Бурабай және Зеренді аудандары бойынша 800-ден аса ДРЛ шамдарды ауыстыру қажет. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде «Атбасар Технопарк» ЖШС шамдарды ауыстыруды және оларға кепілді қызмет көрсетуді өз мойнына алады. Қуат үнемдегіш шамдарды пайдаланған жағдайда бюджеттік қаржының үнемделуі Көкшетау қаласының өзінде ғана 23 миллион теңгені құрайды екен.
Облыс әкімі күн тәртібінде қаралған мәселені егжей-тегжейлі зерделеуді және аталған елді мекендерде пилоттық жобаны жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар