Жаңа піскен нанның иісін-ай!..

Көкшетау қаласындағы «Көкше-нан» кәсіпорны, техника мен технологияның алдыңғы қатарлы жетістіктерін пайдаланып, қысқа мерзімде өндіріс қуатын арттыру арқылы өнімнің жоғары сапасына қол жеткізіп отыр.

Бүгінгі таңда комбинаттың нан, тоқаш, тәтті тоқаш, кептірілген нанды пісіретін және кондитерлік цехы жұмыс істеп тұр . Мамандардың жоғары біліктілігі, сапалы шикізатты қолдану, қазіргі заманғы қондырғыны, классикалық және жаңа технологияны пайдалануы кәсіпорынға тұрақты сұранысқа ие сапалы өнім шығаруға мүмкіндік беруде. Бүгінгі таңда өнім Көкшетау қаласы мен облыстың аудандарындағы бөлшек саудасы жүйесінде сатылады. Бір ауысымда 11 адам еңбек етеді.
Солардың бірі – нан-тоқаш цехындағы өз ісінің майталман шебері Назыгүл Смағұлова және Әсемгүл Тасболатова. Өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, комбинаттың мақтанышына айналып отыр,– дейді кәсіпорынның директоры Сайран Қанапияұлы.

Суретте: наубайханашылар Назыгүл Смағұлова және Әсемгүл Тасболатова.

Суретті түсірген Берік Ескенов.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар