Қоғамдық кеңес және әлеумет

Ақмола облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінде «Қоғамдық кеңестердің әлеуметтік желідегі іс-жоспарын қарқынды дамыту» тақырыбында БАҚ өкілдерімен брифинг болып өтті.

«Сара» қоғамдық қорының төрайымы, Ақмола облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Сара Баймағамбетованың айтуынша, Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» заңының қабылданғанына төрт жыл болған.
–Қоғамдық кеңес заң бойынша тәуелсіз деп көрсетілгенімен, әлі де құзырлы органдардың жанынан құрылады. Осы уақытқа дейін мәслихат жанынан құрылып келді. Сонымен қатар, бүгінге дейін заңнама түбегейлі орныққан емес, осы жылы жаңа өзгерістермен, қайта түзетулермен заңды толыққанды қабылдау жоспарланып отыр. Бұған қоса,талаптар бойынша Қоғамдық кеңестің үштен екі бөлігін азаматтық қоғам құрап, тек үштен бір бөлігі ғана мемлекеттік қызметкерлер болуы қажет. Алайда, соңғы жүргізген сараптамалық нәтижелерге сүйенсек, бүгінгі күннің өзінде біздің құрам не өткен, не қазіргі талаптарға сай келмейді, – дейді Сара Баймағамбетова.
Келтірілген мысалдарды айта кетсек, негізінен, құрамның 10 пайызын мемлекеттік органдар, 90 пайызын азаматтық қоғам құрауы тиіс. Дегенмен, қазір облыстағы, аудандардағы Қоғамдық кеңестердің мүшелерін қосқанда, барлығы 268 адамның 25 пайызын мемлекеттік қызметкерлер және 25 пайыздан сәл жоғары бөлігін азаматтық қоғам мүшелері, ардагерлер құрайды екен. Осы себепті Қоғамдық кеңесте жұмыс істеуге тиісті құрам көбіне өздерінің негізгі қызметімен айналысатындықтан, кеңестің мәселелеріне аса көңіл бөле бермейді. Тағы бір айта кетерлігі, сауалнама жүргізген кезде халықтың көпшілігі Қоғамдық кеңес туралы, оның қандай жұмыстармен айналысатындығы жөнінде толық ақпараттанбағандығы мәлім болған. Әрі оған қалай мүшелікке өтуге болатындығын, бұл үдерістің қалай жүретіндігін мүлдем білмейтіндер де кездескен.
Сондықтан, Қоғамдық кеңестің бар екендігін, қоғамда қордаланып қалған мәселелерді шешумен айналысатындығын БАҚ өкілдері де насихаттауы қажет. Осы орайда, жақын арада «Қазкеңес» сайты іске қосылғалы отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар