Аталар сөзі-ақылдың көзі

Рухани жаңғыру»  бағдарламасы аясында 2019 жылдың  17 қазанында Балдәуренде «Аталар сөзі-ақылдың көзі» атты 13- ауысымның салтанатты жабылуы өтті. Аталмыш ауысымға  Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген тарих және география бойынша халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадалардың қатысушылары Орталықтың  рухани-танымдық бағдарламалары мен алуан түрлі сайыстарына қатысып, естен кетпес қызықты да, ғажайып сәттерін өткізді…

Солардың бірі ретінде кеше Орталығымызда «Балдәурен» РОСО ұйымдастырушы-ұстаздары Батырхан Ержанат пен Шолпан Құлахметованың ұйымдастыруымен өткен салтанатты жабылу рәсімін атағым келеді.

«Сабалақтың» «екі қолын екі  жаққа, екі аяғын екі жаққа жіберіп, төрт таған болып, керген төсектей керіліп  жатады екен. Осы жатысты көрген Төле бидің «Қолым жеткенше  ұстаймын, аяғым жеткенше барамын, дүниенің төрт бұрышын тірейтін ұл ғой…» деген тұсы  балдәурендіктердің көңілін аспандатқаны даусыз.

Қойылым барысында айбарлы ханның Сабалақ атанғанынан бастап, қасиетті таққа отырған сәті мен дау тоқтатып, жау тойтарған кезін, алты Алаштың ақ тілеуіне кенелген кемел басшы екендігін танытар көріністерден ауысым қатысушылары ерекше тебіренгендей болды. Өйткені төрт құбыладан телмірген, анталаған жаулармен қағыспай табысып, жауласпай жарасып күн кешкен ел басқарушысымен айналасындағы шенді-шекпенді қазақ зиялыларының бейнесін  өте жоғары деңгейде көрсете білді.

Сондай-ақ, жабылу салтанатында «Балдәурен» РОСО әкімшілігі атынан ауысым белсенділері арнайы грамоталармен марапатталды. Жас қазақстандық Патриоттар Академиясына  10 бала қабылданып, олардың барлығына салтанатты түрде «Жас патриот» куәліктері табыс етілді.

«Балдәуренде» жоспарланған іс-шаралардың барлығы да жастардың рухани тәрбие алуы мен білім деңгейінің  жоғарылауына бағытталған. Себебі мемлекеттің болашағы -талантты жастардың қолында. Сондықтан біз төл тарихын жетік білетін, бағалайтын және мақтан ететін өскелең ұрпақты ұлттық өркениетті рухта тәрбиелеуге белсене атсалысуға әрқашан дайынбыз.
Дауылбаева Гүлмира Төлегенқызы

«Балдәурен» РОСО

орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар