Орман-тоғайларымыз «Жасыл белдеумен» толығады

Ақмола облысының мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 1058,6 мың гектарды құрайды, оның ішінде орманды алқап – 383,9 мың гектар. Жалпы, облыс бойынша орманды жерлер 2,6 пайызды құрайды. Облыстық әкімдікке қарасты орман қорының көлемі 405,5 мың гектар, оның ішінде 223,8 мың гектарды орман алқабы алады. Бұл салада мемлекеттік орман күзетінің 488 қызметкері қызмет атқарады.

Ағымдағы жылы орман шаруашылығы мекемелері 1230 гектар алқапта орман екпелерін отырғызуды іске асырды, оның ішінде 840 гектар – облыстық бюджет қаражаты есебінен, 21 гектар ақылы қызмет көрсетуді іске асыру есебінен және 369 гектар орманды жалға алушылар есебінен жүзеге асырылды. Орман дақылдарын толықтыру 535 гектар алқапты қамтыды. Орман дақылдарын күту 840 гектар алқапта іске асырылып, 103 пайызға орындалды. Орманның табиғи жаңаруына ықпал ету жұмыстары 490 гектарда жоспарланып, сол көлемде орындалды. Жоспар бойынша 1130 килограмм жапырақты тұқым және 440 килограмм қылқан жапырақты тұқым да-йындалды. Соңғы 10 жылда орман екпелерін отырғызу 13 563 гектар алқапта жүргізілді, орманды алқапқа 16 мыңнан астам гектар жер ауыстырылды.
Көкшетау қаласын көгалдандыру үшін табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығы мекемелері арқылы биіктігі екі метрге дейін 3340-тан астам қылқан жапырақты және жапырақты ағаштар сатылды. Елді мекендерді көгалдандыру үшін аудандарда 6 мың ірі көлемдегі көшеттер іске асырылды. Облыста 11 тұқымбақ бар, оларда 10,5 миллион дана бір жылдық және екі жылдық екпе көшеттер өсірілді. Маралды орман шаруашылығында ағаш-бұта тұқымдарының көшеттерін және қалемшелерін өсіруге арналған жылыжай бар. Жалпы, орман шаруашылығы мекемелері мен орманды пайдаланушылар орман шаруашылығы іс-шараларын толық көлемде жүргізді.
Облыс бюджетіне орман ресурстарын пайдаланғаны үшін ағымдағы жылы 6 589,7 мың теңге қаржы түсті, оның басым денін орман шаруашылығы мекемелері, орманды ұзақ мерзімге пайдаланушылар, сауықтыру, рекреациялық, туристік және спорттық мақсаттар үшін пайдаланудан түскен қаржы құрады. Сонымен қатар, орманды пайдаланушылар 75 миллион 936 мың теңгеден астам салық төледі. Ағымдағы жылы жоғарыда айтқан сауықтыру, рекреациялық, спорттық және туристік мақсаттар үшін мемлекеттік орман қоры жерлерінен ұзақ мерзімді пайдалануға жалпы көлемі 333,2 гектар 9 учаске берілді.
Облыстық әкімдіктің «Орман өрттерінің алдын алу және олармен күрес жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес орман шаруашылығының барлық мекемелері өрт қауіпі кезеңіне дейін техника, байланыс және хабарландыру құралдарын жөндеуден өткізіп, 32 мың гектар шөп өсімдіктерін өртеу жұмыстарын жүргізді.
Төтенше жағдайлар департаментімен, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясымен, облыстың өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметімен бірлесіп, 2019 жылға арналған Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы бойынша орман өрттерімен күрес жөніндегі күштер мен құралдардың өзара іс-қимыл жоспары әзірленді және бекітілді.
Орман шаруашылығы мекемелері 2019 жылғы өрт қаупі бар маусым басталғанға дейін орман және дала өрттері пайда болған жағдайда ауыл шаруашылығы құрылымдарымен және мемлекеттік орман қорының іргелес жерлерінде қызметін жүзеге асыратын басқа да шағын және орта бизнес субъектілерімен осы күштер мен құралдарды тарту бойынша шарттар жасасты.
2019 жылдың маусымында Бурабай ұлттық табиғат паркі аумағында «Өрт-2019» облыстық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті. Оқу-жаттығу кезеңінде орман шаруашылығы мекемелерінің, аудандық әкімдіктің, ауыл шаруашылығы құрылымдарының және төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызметтерінің орман және дала өрттерін сөндіру бойынша өзара жедел әрекет ету іс-қимылдары пысықталды.
Оған жеке құрамнан 68 адам, 16 өртке қарсы, инженерлік, арнайы және қосалқы техника және орман шаруашылығы мекемелерінің жеке құрамынан 24 адам қатысты. Жалпы орман өрттерін болдырмаудың алдын алу бойынша үлкен жұмыс жүргізілді: аншлагтар орнатылды, өртке қарсы тақырыпқа үнпарақтар таратылды, лекциялар, әңгімелер және семинарлар өткізілді, БАҚ-та мақалалар жарияланды.
Орман шаруашылығы мекемелерінің аумағында 199 су алатын орындар орналасқан, оның ішінде 60 табиғи су айдындары, пирстермен жабдықталған 71 жасанды су айдыны, 60 ұңғыма-гидранттар және 8 жел сорғыштар тексерілді. 29 өрт бақылау мұнарасы мекеменің карталарымен, азимуталды шеңберлермен, бинокльдермен, байланыс құралдарымен жабдықталған. Орман шаруашылығы мекемелерімен 2183 рейд жүргізілді.
Жасыл технологияларды енгізу және ресурс үнемдеу жүйесін құру мақсатында орман мекемелерінің аумағында 8 жел сорғыш орнатылды. Үнемі толтырылған су резервуары өртті тиімді сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Отырғызылатын ағаш материалының ассортиментін кеңейту үшін қазіргі заманғы тамшылатып суару жүйесін қолдану арқылы ауданы 50 гектар «Ақкөл» көшеттігін қайта жаңарту жүргізілді, бұл суару кезінде суды 50-70 пайызға дейін үнемдейді. Орман шаруашылығы мекемелерінің барлық пайдаланылатын көлік құралдарына мониторинг және бақылау жүйесі (GPS) орнатылған.
2013 жылдан бастап 2018 жылға дейін плантацияларды құру және облыстың елді мекендерін көгалдандыруға Ресейдің Тюмень қаласынан қылқан жапырақты және сәндік ағаштардың көшеттері әкелінді. Елбасы тапсырмасына сәйкес Шортанды кентінен Щучинск қаласына дейін Астана-Щучинск автожолы бойында орман екпелерін құру 2009 жылдан бастап жүргізілуде. Астана-Щучинск автожолы бойында Шортанды, Ақкөл, Бұланды және Бурабай аудандарымен өтетін жолдың екі жағынан 1828,7 гектар, ұзындығы 110 километр, ені 500 метр орман дақылдарын отырғызу жұмыстары жүргізілді.
Қазіргі уақытта осы орман ағаштарын өрттен және заңсыз кесуден қорғау жүзеге асырылуда. Астананың жасыл белдеуін Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы ормандармен біріктіру жөніндегі жұмыстың екінші кезеңі басталды. Қосымша 1000 гектардан астам жарамды учаскелер тексерілді, оның ішінде отырғызуға жарамды аудан 746,8 гектарды құрады.
2016-2017 жылдары екі жылдық қара бу жүйесі бойынша топырақ өңделді. 2018 жылы барлық агротехникалық талаптар мен мерзімдерді сақтай отырып, Астана – Щучинск тас жолы бойында 747 гектар алқапта орман дақылдары отырғызылды.
Көкшетау қаласының айналасында жасыл аймақ құру жұмыстары да басталып отыр. 2018 жылы «Бұқпа» шаруа қожалығының өз қаражаты есебінен жалпы көлемі 107,3 гектар ағаш көшеттері отырғызылды.
Мемлекеттік орман қоры жерлерінде, атап айтқанда, Көкшетау қаласының айналасында 1292 гектар алқапта топырақ-іздестіру жұмыстары жүргізілді. Топырақ зерттеу нәтижелері бойынша ағаш тұқымдары мен оны отырғызу сызбалары көрсетілген құжат әзірленді. Қазіргі уақытта ол мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Міне, табиғатты пайдалану, орман қорларын молайту жолында осындай ізденіс танытып жатқан біздің сала қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында алға қойылған міндеттерді жете түсіне отырып, осы тұрғыда жаңа биіктерден көріне беретіндігі айқын.
Көшекбай БІРЖЕКЕЕВ.
Ақмола облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды
реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар