Әкімдіктің «Ашық есіктер күні» жұртшылық көңілінен шықты

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың бастамасымен «Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облыстық әкімдігінің «Ашық есіктер күні» өткізіліп, азаматтарды қабылдау жүргізілді.

Ашық әкімдікке өздерін толғандыратын сауалдарын қойғысы келетін адамдар саны көп болды. Олар облысымыздың түкпір-түкпірінен келіпті. «Көкшетау» мәдениет сарайының фойесінде облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық департаменттер мен басқармалардың басшылары, Көкшетау қаласының әкімдігі, құқық қорғау органдары, коммуналдық қызметтер, азаматтарға арналған үкімет корпорациясы мен екінші деңгейлі банктердің басшылары өңір тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өңір басшысына қойылған сауалдар әртүрлі салалардағы мәселені қамтыды. Мәселен, 360 пәтерлік «Жансая» кешенінің тұрғыны Бақытбек Бердімұратұлы мердігер компания 5-6 жылдан бері тұрғын үй маңайын абаттандырмағанын, автотұрақ мәселесі шешілмей отырғанын, бұл балалардың өміріне қауіп төндіретінін айтты. Сондай-ақ, бұл жерге жедел жәрдем мен өрт сөндіретін автокөлік жақын келе алмайды екен. Облыс басшысы бұл мәселе қарастырылатынын айтты.
Облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Ризахмет Жәнбек өз сөзінде азаматтарды қабылдауды жеті рет өткізгендерін, ай сайын азаматтарды жол бойында қабылдау жүргізілетінін тіліне тиек етті. Көкшетау қаласы бойынша алты қабылдау модулі жұмыс істейді екен. Ризахмет Жәнбектің айтуынша, мұндай қоғамдық қабылдауды жиі өткізу халық пен биліктің арасында түсіністікті қамтамасыз етеді.
Зеренді ауданы Игілік ауылының тумасы Нұрахмет Уәлиев Кенесары мен Игілік ауы-лы арасындағы жол мәселесімен келіпті. Ауыл тұрғындары өздері өндірген ауыл шаруашылығы өнімдерін облыс орталығына әкелу кезінде жол азабын тартады екен. Облыс әкімі көмек қолын созатынын айтты. Аталмыш ауданның тұрғыны Табылды Тезекбаев өңір басшысына Шағалалы өзенінің үстінен өтетін көпір құрылысы жөнінде сауал қойып, бұл бағытта республикалық бюджеттен қаржы қарастырылғанын білді. Көпір құрылысы облыс әкімінің бақылауына алынады.
Облыс орталығының тұрғыны Рашида Нұртайқызы қолындағы 47 жастағы мүгедек ұлына пәтер мәселесі дұрыс шешілмей отырғанына шағымданды. Олардың алған пәтері тар болып шыққан. Ашық әкімдікте мәселе көтерген адамдардың саны көп болды. Олар өз сауалдарына тиянақты жауап алып жатты. Көптеген мәселелер облыс әкімінің өз бақылауында ұсталатын болды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар