Шортанды ауданының әкімі тағайындалды

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Шортанды ауданында аудан активін өткізіп, жаңа әкімді таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша Ғайдар Қабдоллаұлы Қасенов Шортанды ауданының әкімі болып тағайындалды.  

Ғайдар Қабдоллаұлы Қасенов 1976 жылы  Ақмола облысы Атбасар ауданында туған. С.Сейфуллин атындағы аграрлық университетті,         Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетін, Халықаралық Бизнес Академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын ол 1998 жылы Астана қаласының Алматы ауданы әкімінің аппаратында бас маман болып бастады. 2001-2006 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарды атқарды.

2006-2008 жылдары Астана қаласы, Алматы ауданы әкімінің орынбасары, одан кейін аудан әкімі болып қызмет істеді.

2008-2015 жылдар аралығында «Қазтеміртранс» АҚ-ның корпоративтік даму жөніндегі вице-президенті болды. Ал, соңғы тағайындалуына дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Nur Otan» партиясы Алматы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары лауазымын атқарды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар