Кәсіпкерлікті дамыту мен қолдау тетіктері іске асырылады

Мемлекет басшысы өз Жолдауында мемлекет басқарудың тиімділігін арттыруға, азаматтардың құқы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, дамыған және инклюзивті экономика құруға, тұрғындардың әлеуметтік қамтамасыз етілуін жаңғыртуға, сондай-ақ, өңірлерді нығайтуға бағытталған бірқатар бастамаларды ұсынды.

Мемлекеттік кірістер органдарының құзырына кәсіпкерлікті дамыту мен қолдауға байланысты келесі тапсырма кірді.
Бірінші. Үкіметке кіші және шағын бизнесті салық төлеуден 3 жылға босатудың заңнамалық базасын жасау тапсырылды. Бұл 2020 жылы күшіне енуге тиіс. Бюджет шығынын ықшамдау және салық төлемінен жалтармау үшін комитет акцизді тауарлар сататын сыртқы экономикалық жұмысқа қатысушылар, пайдалы қазбалар сататын трейдерлер мен шағын жер қойнауын пайдаланушылар тәрізді бизнесті ұсақтауға жол беретін салық төлеушілерді салық төлеуден босатпауды ұсынды. Тәртіп пен заңға бағынатын салық төлеушілер салық төлеуден босатылады. Сататын тауарларын жасыратын және тіркелмеген салық төлеушілерге қатысты айыппұл санкциясы қатаң болады. Кәсіпорынның нақты өлшемі мен кірісін анықтау үшін оның өлшемін анықтау критерийін қарау ұсынылады. Кірістерді табиғи түрде төмендетпеуге жол бермеу мақсатында бір салық мезгілінде бір мәрте төмендететін декларацияны тапсыруға шектеу ұсынылады. Жалпы, тауарларды қадағалауды қамтамасыз ету үшін бұл жеңілдік ЭСФ құжаты бар жалпы тәртіпті немесе кіріс пен шығыс есебінің үш компонентті жүйесін пайдаланатын салық төлеушілерге қолданылуы мүмкін.
Екінші. Мемлекет басшысы қашықтықтан бақылау тетіктерін белсендендіріп, ұсақ бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық тосқауыл қою, өз-өзін реттеу және қоғамдық бақылау жөнінде ұсыныс жасады. Нормалар мен ережелер бұзылған жағдайда кәсіпорын басшыларын жауапқа тартып, компанияны жабуға дейін қатаң әкімшілік шаралар қолданылады. Тәуекелділікті басқару жүйесін қолданып, ЭСФ құжатын шектеу шаралары қарастырылады. Мораторийден келесі тексеру түрлерін алып тастау қарастырылуда: қарама-қарсы тексеру, қылмыстық-процессуалдық із кесу аясында жүргізілетін тексерістер, кредиторлар алдында қарызы бар салық төлеушілер бойынша тексерістер, салық төлеушінің өтініші бойынша басталған тексерістер.
Сондай-ақ, салық құпиясын ашу және салық төлеушілер бо-йынша бұрынғы жабық мәліметтерді жариялау мәселесі шешіледі. Әкімшілдендіру кезінде қашықтық, қоғамдық бақылаудың өзге де жаңа түрлері дамытылады. Осы орайда, әртүрлі пилоттық жобалар өткізу жоспарлануда. Көлеңкелі экономиканы тудыруға себепші болып табылатын құқық бұзушылыққа қатысты нөлдік шыдамдылықты азаматтық қоғамда насихаттау нығайтылады.
Нұр-Сұлтан қаласында азаматтық бақылаудың пилоттық жобасы өткізілді. Мұнда салық төлеушілердің заң бұзушылығы жөнінде бейне және фото суреттер жариялағандар марапатталды. Мұндай жұмысты жүргізу Ақмола облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің барлық аумақтық басқармаларында қарастырылған. Учаскелік кеңесші тәрізді бақылау түрін енгізу мәселесі қолға алынды. Ол мемлекеттік кіріс басқармасы еңбеккерлерінің қатарынан топтар құруды қарастырады. Олардың міндетіне кеңес беру, түсінік беру, сеніп тапсырылған аумақтық учаскелердегі арыздарды қабылдау мен зерттеу мәселесі кіреді. Өзге органдармен бірге көлеңкелі экономикаға қарсы тұруды күшейту үшін капиталды шығару, қолма-қолсыз есепті ұлғайту мен салық төлеуден қашпау шаралары жасалады. Сондай-ақ, мемлекеттік кірістер органдарына жылжымайтын мүлікті сату жөнінде нотариустармен мәлімет беретін салық кодексінің нормаларын енгізу мерзімі қысқартылады.
Үшінші. Негізгі мәселелердің бірі – шикізат емес өнімді экспорттайтын компанияны мемлекеттік қолдау. Бұл бағытта қосымша құн салығын қайтарудың тым қарапайым және жедел үрдісін қолдану мәселесін қарастыру керек. Барлық қосымша құн салығын төлеушілерді есепке алып, электрондық есеп фактура жазу міндет. Өз өнімін өндіруші-экспортерлер үшін қосымша құн салығын қайтаруды қысқарту кәсіпорындарға салық мониторингісін қолдану аналогиясы бойынша жүзеге асыру жоспарлануда. Қосымша құн салығының арнайы бақылау есебі базасында қайтарудың жаңа тетігін енгізу бойынша жұмыс жалғасады. Бұл бағытта салық тексерісін өткізбей қосымша құн салығын автоматтық түрде қайтару үшін «Blockchain» технологиясы қолданылады. Қайтару 15-55 жұмыс күні аралығында жүргізіледі. Бұл заң жүзінде жыл басынан бері жұмыс істейді.
Төртінші. Ұлттық кірісті әділ тарату аясында әділ салықтық реттеуді және салық жүйесін жаңғыртуды енгізуге қатысты ұсыныс айтылды. Сондай-ақ, 2023 жылға дейін қосымша зейнетақыға қаражат аударуды енгізу кейінге қалдырылды. Қоғамда тапқа бөлінуді қысқарту мақсатында комитетпен кіріс деңгейі төмен тұлғалардың салық мөлшерін азайтуға мүмкіндік беретін салық ставкасы мөлшерін енгізу жұмысын жеделдету ұсынылды. Сондай-ақ, жылжымайтын нысандарды бағалау әдісін өзгерту жөнінде ұсыныс енгізілді. Қолданыстағы мұндай әдіс шындыққа жанаспайды. Кейде жылжымайтын мүліктің құны орташа нарықпен сәйкес келмейді. Жеке тұлғалардың мүлік пен жерге төлейтін салығын біріктіру ұсынылды.
Бесінші. Әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамыту аясында қосымша резервтер іздеу және кірістерді арттыру талап етілді. Мұнда назарды кедендік әкімшілдендіруге аудару қажет. Бүгінгі күні Қытайдан тасымалданатын тауарларды кедендік әкімшілдендіруді нығайту шаралары қабылданды. Тасымалданатын тауарларға қатысты әкімшілдендіру аясында Түркия, Иран және Өзбекстан тәрізді шетелдерден тасымалданатын транзиттік жүкті әкімшілдендіру резерві бар. Тасымалданатын тауарларға қатысты әкімшілдендіру әдісін жетілдіру аясында кеден ісі саласында құқықбұзушылық жасағаны үшін жауапкершілікті нығайту бойынша заңнамаға өзгерту енгізу жоспарлануда.

Шыңғыс ӘНУАРБЕКОВ,
Ақмола облыстық мемлекеттік
кіріс департаментінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар