«Абай Құнанбаев» медалімен марапатталды

Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Үздік педагог-2019» атты жыл сайынғы салтанатты жиында облыс орталығындағы

№2 орта мектеп-лицейінің бірқатар ұстаздары «Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылым академиясы» қоғамдық ұйымының «Абай Құнанбаев» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, білім ошағына қоғамдық ұйымның 1 миллион теңге көлеміндегі арнайы сертификаты табысталды.

Сондай-ақ, салтанатты шарада №2 орта-мектеп-лицейінің директоры Гүлнәр Әбдіқасымова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды. «Абай Құнанбаев» медаліне ие болғандардың қатарында мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Бибігүл Шахметова мен Салтанат Даниярова, математика пәнінің мұғалімі Минзифа Ахметжанова, қазақ тілі пәнінің мұғалімдері – Қамар Құрманова, Айжан Қаппасова, Күлшара Тасмағамбетова, тарих пәнінің мұғалімі Әлия Көпеева, сондай-ақ, Шолпан Исабаева, Айгүл Мұқышева, Айгүл Әшенова, Халида Айтбаева секілді ұлағатты ұстаздар бар.
Мектептің физика пәнінің мұғалімі Марат Темірғалиұлы Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясының құрмет грамотасымен және «Ян Коменский атындағы» медальмен марапатталды.
Айта кетейік, бүгінгі таңда білім ошағында еңбек ететін ұстаздардың басым көпшілігі білім беру саласында ұзақ жылғы тәжірибесі бар білікті мамандар. Отыздан астам мұғалім түрлі қоғамдық наградаларға ие. Енді, міне 2019-2020 оқу жылында мектеп ұстаздарының «Абай Құнанбаев» медаліне ие болуы ұжымның білім беру саласындағы еселі еңбегін айғақтай түскені анық.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар