Еңбегімен еңселі

Әли Махамбетовтың облыс орталығында орналасқан «Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорациясы» серіктестігінде жұмыс істегеніне екі жыл болды. Қаладағы училищені бітіргеннен кейін көптеген кәсіпорындар мен құрылыста еңбек етіп, дәнекерлеудің шебері атанды.
Қазір жоғары разрядты дәнекерлеушіге деген сұраныс көп. Тәжірибелі маманға кәсіпорынның материалдарынан экскаватордың стреласы мен ковшы, трактор тіркемесінің кузовы мен дөңгелегі тәрізді қиын деталдарды жасауға үлкен сенім артылады. Әли өз тәжірибесін шыңдау үстінде. Әріптестері өз ісіне адал әрі талапшыл еңбеккерді мақтан тұтады. Дәнекерлеуші өзінің ауысымдық тапсырмасын 120-150 пайызға орындайды.
Төлеген ҚОСШЫҒҰЛОВ.
Суретті түсірген автор.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар