Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-Министр Асқар Мамин еліміздің әлеуметтік-экономикалық ахуалы, сондай-ақ, әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының қымбаттауына жол бермеу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімет берді.
***
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Әкімшілігі басшылығы, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысы, Бас прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі басшыларының қатысуымен өткізген жиында еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі өзекті мәселелер талқыланды.
***
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовті 95 жасқа толған мерейтойымен құттықтап, жеделхат жолдады.
«Сізді егемен еліміздің әдебиеті мен мәдениетінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан аса көрнекті жазушы, сөз өнерінің патриархы ретінде қадірлейміз. Қазақ қаламгерлері арасынан дараланып шығып, бірегей тұлға дәрежесіне көтерілген Өзіңізді үнемі мақтан етеміз»,– делінген жеделхатта.
***
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ардагерлер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамедовты қабылдады. Бұл кездесуде «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің атқарып жатқан жұмысы, атап айтқанда, «Медиация туралы» Заңға сәйкес қолға алынған «Дәнекер» жобасы бойынша қолданылып жатқан шаралар жөнінде пікір алмасылды.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар