Өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар қатары молайып келеді

Көкшетау қаласының іргесіндегі Краснояр селолық әкімдігінің мәжіліс залында «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының «Жұмыспен қамту және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау» бағыты бо-йынша облыстық партия кураторының көшпелі комиссия отырысы болып өтті.

Бірлескен көшпелі комиссия отырысына «Nur Otan» партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, «Халықтың жұмыспен қамтылуын және әлеуметтік осал топтарын қолдау» бағыты бойынша комиссия мүшелері мен село тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысып, оны облыстық мәслихат депутаты, «Той Дастархан» серіктестігінің директоры Елена Мащинская ашып, жүргізіп отырды.
2018 жылдың соңында Қазақстан Респуб-ликасы Парламенті Сенатының депутаттары палатаның жалпы отырысында жаңа жылдың 1 қаңтарынан бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жұмыспен қамту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңын қабылдады. Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қызметті ресімдеу және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдардың әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне қатысуын қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. 2018 жылдың соңындағы жағдайға байланысты бейресми жұмыспен қамтуға салық органдарында тіркеу мен тіркеуден шығарылудың күрделі процедурасы сияқты факторлар ықпал етеді. Сондықтан, ресми емес жұмыс түрлерін тіркеуді жеңілдету үшін бірыңғай жиынтық төлем енгізу ұсынылған болатын.
Жалпы алғанда, бейресми жұмыскерлерге бірыңғай жиынтық төлем енгізу міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға және медициналық қызметтерді медициналық мекемені таңдау құқығы мен шектеусіз мөлшерде қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуға және жүйеде жұмыс өтіліне байланысты базалық зейнетақы төлемін алуға мүгедектік, асыраушысынан айырылу, жүктілік және босану, баланы асырап алу, 1 жасқа дейінгі бала күтімі жағдайында әлеуметтік жәрдемақы алады. Көшпелі комиссия отырысында «Ақмола облысындағы өзін-өзі жұмыспен қамтыған халықтың жағдайы туралы» облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Дина Ахметжанова хабарлама жасады.
– Ақмола облысының еңбек нарығында 2019 жылдың 2-тоқсанының нәтижелері бо-
йынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындар саны 130,2 мың адамды құрайды, оның ішінде 14,4 мың адам немесе 11,1 пайызы нәтижесіз жұмыспен қамтылған. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қатысатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, 2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 4 313 адам, оның ішінде ауылдық жерлерде 2974 адам немесе 69 пайызды құрайды. Оның 1529-ы немесе 35 пайызы жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар, қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 1128 адам жіберілді, оның 710-ы оқуларын аяқтаса, 572 адам жұмысқа орналастырылды. 1151 адам «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, білді.Бағдарлама бойынша 242 адам шағын несие алып, өз ісін ашты. 520 адам 100, 200 АЕК мөлшеріндегі тегін мемлекеттік гранттарға ие болды, – деді басқарма басшысы.
Міне, осы бағыт бойынша облыста қандай жұмыстар атқарылып жатыр, бірыңғай жиынтық төлемді енгізудің оң нәтижелері мен кемшіліктері, проблемалық мәселелер және тағы басқалары комиссия отырысында барынша қаралды. Отырысқа қатысушылар да көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пікір алмасу арқылы белсенділіктерін танытты.
Осыған орай, қазіргі таңда Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасында облыстың өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұрғындарымен жұмыс жүргізу бойынша белсенді шаралар қолға алынып жатқанын байқауға болады.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар